2025 жылдың 24 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бастамасымен және «Ақтөбе облысы Үздік педагогтер» ассоциациясының жоспарына сәйкес Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына және Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Заманауи білім берудегі азаматтық - патриоттық тәрбие: теория және тәжірибе» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция мақсаты - елдін еркіндігі жолында құрбан болған тұлғалардың ерлігі мен енбегін насихаттай отырып, педагогтерді жастарға азаматтық -патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ғылыми – тәжірибелік маңызы бар міндеттерді шешуге тарту болды. Конференцияға еліміздің 10 өңірінен 100-ге жуық педагог қатысып, олар «Әлия ерлігі халқының жүрегінде...», «Қазіргі қоғамдағы азаматтық - патриоттық тәрбие мәселелері», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы - ұлттық адами құндылықтар» деген үш бағыт бойынша жұмыстарын ұсынды. Конференцияда қорғалған жұмыстар тақырыптың өзектілігі, оқу-тәрбие процесіндегі маңызды мәселелердің ашылуы, ғылыми-теориялық негіздеменің болуы, теориялық тұжырымдардың логикалығы, практикалық маңыздылығы, тәжірибеде қолдануға жарамдылығы, тіл мәдениеті мен академиялық сауаттылық және қорғау шеберлігі бойынша бағаланды. Нәтижесінде:
І бағыт бойынша:
І орын - Бахытжанова Лунара Алимжановна - Ақтөбе №45 жалпы білім беретін орта мектеп;
ІІ орын - Кудабаева Назгул Шарипкызы - «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»,
Хамзина Диана Жанатовна - Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогиқалық колледжі;
ІІІ орын - Нартаева Инабат Нартаевна - Ақтөбе қаласы, «№18 орта мектебі», Туленова Акбала Жолдыбаевна - Байганин техникалық колледжі;
ІІ бағыт бойынша:
І орын - Шахабаева Жанара Болатовна - Бопай ханым жоғары медициналық колледжі,
Аймагамбетова Асима Кулмуратовна – «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»
ІІ орын - Майлышева Акмарал Маратовна - Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі,
Мангибаева Аксауле Саткановна - Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі, Абдуллина Бибинур Дауыловна - Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі;
ІІІ орын - Аскарова Армангул Каленовна - Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі,
Ахметова Камшат Чапаевна - Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Жұмағазы Гүлдерай Ерболатқызы - Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Мусина Кулшат Сыздыковна - Семей қаласы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»,
Алғыс хат - Бақытжанова Күміс Қайыржанқызы, Утеуова Айнур Курметбековна - Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі,
Истлеуова Акжанат Жаксыбаевна - Бопай ханым жоғары медициналық колледжі,
Мешелова Роза Жарасбаевна – Қостанай гуманитарлық колледжі,
Даулетова Венера Аманкосовна - Орал қаласы Ж.Досмухамедов атындаңы жоғарғы педагогикалық колледжі;
ІІІ бағыт бойынша:
І орын - Жалмағамбетова Гүлзада Ажимбаевна - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі,
Абельпеисова Бахытгуль Хабдыгалиевна - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі,
ІІ орын - Амантаева Сандуғаш Асылхановна - «Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі»,
Торебаева Гакку Рымтаевна - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»,
ІІІ орын - Жақсығали Құндыз Мәлікқызы - Ақтөбе техника-технологиялық колледжі,
Есенова Ляззат Сайкомовна - Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Мадешова Алуа Архабаевна, Тиленбаева Нургуль Боранбаевна - Қарағанды қаласы «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ие болды.