Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдын 28 ақпан күні Шалқар ауданы Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Білім беру жүйесінде цифрлық трансформация: жасанды интеллект пен тәрбие интеграциясы» атты облыстық воркшоп өтті.

Іс-шараны Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырып, оған 50-ден астам мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Воркшоптың мақсаты: білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның рөлін айқындау, жасанды интеллект құралдарын тәрбие үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдерін көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында ChatGPT және Gamma.app платформаларының мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, олардың тәрбие процесіне ықпалы мен қолдану әдістері талқыланды. Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, Gamma.app платформасын пайдалана отырып, интерактивті презентациялар жасауды меңгерді.

Воркшоп қорытындысы бойынша педагогтер жасанды интеллектті тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оны тәрбие жұмысында пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты.

Семинар педагогтердің цифрлық дағдыларын дамытуға және тәрбие үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге ықпал етті.

Л.С. Унгарбаева, қосымша білім беру және тәрбие бөлімі әдіскері.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT