Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 2024 жылғы 27 ақпан күні Ақтөбе облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес, Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тәрбие негізі - ұлттық құндылықта» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар Ақтөбе сервис колледжінде өтті.

 Семинар ұлттық құндылықтарды бүгінгі қоғамға сай интеграциялаудың маңыздылығы және олардың халық өміріндегі орнын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
 Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Б. Нурмолдина ТжКББ ұйымдарында оқу-тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, Сервис колледжінің директоры А.Кужаков колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білім алушылар арасында ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі ұжымның міндеттерін атап өтіп қатысушыларға сәттілік тіледі.
 Семинар барысында кәсіби бағдар беру, қолөнер, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, «Smart servise» дебат, «Үнемді пайдалану» үйірме, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы, ұлттық ойындар» алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық құндылықтармен танысты.
 Теориялық бөлімде: арнайы пәндер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуде білім алушылардың бойында адами құндылықтарға негізделген білімдерін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін қолдауға араналған әдіс-тәсілдер бойынша демонстрациялық ашық сабақтар көрсетілді. Сонымен қатар, оқу-тәрбие жұмыстарының негіздері мен тезистері кезеңінде колледж директорының оқу-тәрбие, өндірістік орынбасарлары «Құндылыққа толы сабақ», «Ұлттық киім мен тағам - ұлт болмысының көрінісі», «Тәрбиенің негізгі - ұлттық құндылықта» тақырыптарында оқу - тәрбие жүйесін дамытуда жастарға әр педагог көмек көрсету қажет екендігіне тоқталса, колледж психологі қатысушылармен фасилитация ұйымдастырды.
Шара соңында білім алушылардың диплом қорғаудағы дефилесі көрсетіліп, концерттік бағдарлама мен аяқталып, шараға атсалысқан педагогтерге Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының атынан Алғыс хаттар табыстауымен қорытындыланды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT