ӨҢІРЛІК КЕЗДЕСУ!
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумды жүзеге асыру мақсатында «Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы» тақырыбында өңірлік кездесу семинары өтті.
Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталықтары директорлары сөз алып, ТжКББ ұйымдарындағы білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілетін оқу пәндеріне жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинар барысында өңірдің озық тәжірибелі педагогтері С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л.Едігеева «Студенттердің оқылым және айтылым дағдысын қалыптастыруда OnlineTestPad платформасының ерекшілігі», Батыс Қазақстан облысының «Білім беруді дамыту орталығы» ТжКББ бөлімінің басшысы Р.Қуаншалиева «Әдістемелік қызмет: сапалы білім, құзыретті маман, кәсіби педагог», Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Г.Тугерова «STEM білім беру бойынша үздік инновациялық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату», Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөнінде орынбасары К.Бердигалиев "Демонстрациялық емтихан-жұмысшы кадрлардың кәсіби біліктілігін бағалаудың жаңа форматы" тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары ТжКББ ұйымдарының 400-ден астам оқу және оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты.
Жоспарға сәйкес өткізілген өңірлік кездесу семинары Батыс өңіріндегі ТжКББ ұйымдарының оқу процесінде атқарылып жатқан жұмыстары бойынша өзара тәжірибе алмасу бағытында өтті, өзара ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптары мен ұсыныстары айтылды.
«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК СЕМИНАР
Семинар «Білім беру үрдісінде заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында өтті.
Іс-шараның қатысушылары:
Ақтөбе облыстық білім басқармасы ТжКББ бөлім басшысы В.Н.Шавкилова;
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.Ұ.Жаманбаева;
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры Ж.М.Мухамбетпаизова;
”Talap" КЕАҚ жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының бастығы Н.Д.Жанайдаров;
Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығының директоры Д.Қ.Баймашова;
«APEC PetroTechnic» Атырау жоғары колледжінің директоры Ж.Д.Джарилгасинов;
С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Б.Қ.Шеркешбаева
және
300-ге жуық Ресей, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе өңіріндегі ТжКББ ұйымдарының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері. ⠀
Бағдарламаға сәйкес, баяндамашылар келесі мәселелерді көтерді: ⠀
«ОРІТО стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу» («APEC PetroTechnic» Атырау жоғары колледжінің директоры Ж.Д.Джарилгасинов) ⠀
“Колледждегі білім беру жүйесінің жаңашылдығы” (Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.К.Рамазанов) ⠀
Сонымен қатар, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Б.Қ.Шеркешбаева мен директордың ІТ жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Н.Нұржанның «Жас маман» жобасын енгізу іс-тәжірибесі: жаңа бағыт пен оқу орны имиджі» тақырыбы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. ⠀
Ал, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің «Жас маман» жобасы аясында «Электрбайланыс», «Өндірістік автоматика», «Темір жол автоматикасы» және «Көлік» құзыреттіліктері бойынша жабдықталған оқу кабинеттерінің меңгерушілері, арнайы пән оқытушысы, оқу-өндірістік шебері заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылардың жұмыс барысын презентациялап, шебер-сабақтарын өткізді.
ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 18 ақпан күні «Демонстрациялық емтихан-тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.Халетова, Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Сүлейменова, «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары колледжі директорының міндетін атқарушы Ш.Мурзагалиев сөз алып, ТжКББ ұйымдарында демонстрациялық емтихан өткізу қазіргі мемлекеттік қорытынды емтиханның жаңа форматы екендігін айтып, оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинар барысында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills дамыту басқармасының бас менеджері А.Еставлетова «Методические рекомендации по проведению демоэкзамена» тақырыбында демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемелік жұмысын түсіндіріп, баяндама жасады.
Сондай-ақ, «APEC PetroTechnic» Атырау жоғары колледжі химия өндірісінің арнайы пән оқытушысы А.Калдыбаева «Опыт проведения демонстрационного экзамена по международным стандартам WorldSkills по специальности "Химическая технология и производство"», Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің өндірістік оқыту шеберлері А.Алимходжаева, А.Керімбеков «Демоемтихан-қызмет көрсетуді ұйымдастыру», Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.Арзақынов «Колледжде Worldskills стандарттарына сәйкес «Пісіру ісі» мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөнінде орынбасары К.Бердигалиев және арнайы пән оқытушысы Р.Даримова «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру» тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» республикалық тамыз форумы
2022 жылғы 09 тамызда Ақтөбе облысында ТжКББ ұйымдары педагогтерінің республикалық тамыз форумы өтті.
Тамыз форумына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КЕАҚ өкілдері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының білім беру басқармасының бөлім басшылары, әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың өкілдері, колледж директорлары мен педагогтері қатысты. Барлығы 350-ге жуық қатысушы болды.
Панельдік секцияда ҚР оқу-ағарту министрлігі ТжКББ департаменті директоры Н.Ж.Оспанова "ТжКБ жүйесін дамыту бойынша мемлекеттік саясат шаралары" тақырыбында баяндама оқып, 2022-2023 оқу жылында ТжКББ ұйымдары басымдықтарына, міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, академиялық дербестік, дуальді оқыту, қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселелері, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бойынша әдістемелік қызметтің міндеттері, аграрлық сектор мамандарын даярлаудың инновациялық бағыттары талқыланды.
Практикалық бөлім Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі, автожол колледжі, гуманитарлық колледжі, көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі және «ПО Глобал-спецодежда» ЖШС базаларында ұйымдастырылып, экскурсия, мастер-класс, көрмелер өткізілді. Қатысушыларға тәжірибе алмасу және 2-3 колледж базасымен танысу мүмкіндігі беріліп, цифрландыру, әлеуметтік, халықаралық әріптестік мәселелері диалог және пікірталас алаңдарында кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ТжКББ жүйесінің үздік педагогтерінің іс-тәжірибелері таныстырылып, республикалық мақалалар жинағы шығарылды және облыстық газеттерде шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтер туралы мақалалар жарияланды.
Аталған шара барысында панельдік секция мен практикалық бөлімдегі жұмыстардың бірегей үйлесімі әр өңірден келген қатысушылардың тығыз іскерлік байланыстар орнатуына, білім саласының маңызды аспектілері бойынша тәжірибе мен пікір алмасуына мүмкіндік берді.
2022 жылға арналған Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының жұмыс жоспары
2021 жылға арналған Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының жұмыс жоспары