Толығырақ Youtube арнамызда 2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888794506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді. Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең.