Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасы іске қосылған 12 ай ішінде “БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 6,30 млн АҚШ долларына 62 697 өтініш орындады

Оның ішінде:  Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында – 3,63 млн астам АҚШ долларына 36 119 өтініш.

Білім алу ақысын төлеу үшін – шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды. Нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды:

✅ Тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы салымды толықтыру – шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш

✅Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш ✅Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш Білім алу ақысын төлеу бойынша қаржы мынадай мақсатта пайдаланылды: ?Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш

Білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру – 314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш

Шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу – 88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш.

Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға екінші рет Қазақстан Ұлттық қорынан қаражат есептелді. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша “Ұлттық қор - балаларға” бағдарламасына қатысушылар саны – 6 921 035 бала. Оның ішінде 2025 жылы 18 жасқа толатындар – 324 430 қатысушы. 2024 жылы барлық балаларға бірдей сома есептеліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері – 129 АҚШ доллары 38 цент.

Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың саны, сондай-ақ, нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі статистикамен

enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты You tube-арнамыздан көре аласыз.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT