Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен шартты бұзу туралы еске салады

БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Halyk Global Markets» АҚ-ға зейнетақы активтерін басқаруға беру бойынша жаңа өтініштер қабылданбайтынын еске салады.

Бұл шешім компанияның БЖЗҚ-мен жасалған шартты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бастамасымен бұзу туралы хабарлама жіберуіне байланысты қабылданды.

Бұған дейін «Halyk Global Markets» АҚ-ның басқаруына берілген зейнетақы жинақтары шарт тоқтатылғанға дейін компанияның басқаруында қала береді.

Шарт күшінде болған кезеңде басқарушы компания өз міндеттемелерін толық орындауға, оның ішінде инвестициялық стратегияны сақтауға және активтердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Шарт тоқтатылғаннан кейін басқарудағы зейнетақы активтері толық көлемде ақша түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі. Егер теріс айырма қалыптасса, оны «Halyk Global Markets» АҚ толық көлемде өтеуге міндетті.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің немесе басқа инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аудара алады. Бұл ретте алдыңғы аударым жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өтуі қажет.

2026 жылдың басынан бері:

  • «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа басқарушы компанияларға 441 аударым жасалды. Жалпы сомасы -765,5 млн теңге;
  • Ұлттық Банктің басқаруына 881 аударым жасалды. Жалпы сомасы – 1,3 млрд теңге.

Бір салымшы зейнетақы жинақтарын басқа басқарушы компанияға немесе Ұлттық Банктің басқаруына бірнеше рет аудара алады.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT