Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер қол қойған Келісім күшіне енді. Осы Келісімге сәйкес, аталған елдердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында ресми түрде жұмыс істеген жағдайда, олардың еңбек өтілі мен зейнетақы жинақтары есептеліп, сақталады.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда:

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.

Сонымен қатар:

∙ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша 291 өтініш орындалды.

Оның ішінде:

∙ 266 азаматқа Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;

∙ 25 мұрагерге еңбек етушілердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT