Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары жұмыс істеп, табыс әкелуі тиіс. Сондықтан зейнетақы жинақтары елімізде де, шетелде де нарықтық жағдайларда әртүрлі валютадағы түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Нәтижесінде инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер; қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер; сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т.б.

Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚР ҰБ мен ИПБ-ның өзіндік стратегиялары бар. Олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. Инвестиция жасау үшін нақты құралдарды таңдау сенімгерлік басқарушының стратегиясына және оның инвестициялардың сенімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріне сүйене отырып жүзеге асырылады. Барлық кажетті ақпарат «Статистика және аналитика/ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT