Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,11 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,22 трлн теңгеге немесе 20,2%-ға артты.

2025 жылдың 1 қыркүйегінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,84 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 18,6%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 710,63 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,3%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім - 36,0% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша көлемі 9,21 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 552,11 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 104,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,2%-ға (немесе 324,17 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қыркүйегіне дейін 1 725,25 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 89,92 млрд теңге (өсім – 19,9%), ЕЗЖ – 1,65 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 8 айында ЖМЗЖ 288,15 млрд теңгені құрады. 

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 8 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 157,29 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 56,4% немесе 417,31 млрд теңгеге көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 684,71 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төлемдер көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседен астам өсті.  

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,86% ұлғайып, 01.09.2025ж. 160,43 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.   

Жыл басынан бері 01.09.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 46,47 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 28,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,08 млрд теңге, жерлеуге – 7,19 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 227,79 млрд теңге аударылды.

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,88 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,22 млн бірлік немесе 7,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 12,63 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,23 млн - МЗЖ бойынша, 748,20 мыңы - МКЗЖ бойынша, 458,30 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,25 млн бірлік. 

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT