Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.