Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен жеке бас пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.
Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.
ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есебі жүргізілетін ЖЗШ:
- агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;
- жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады.