Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.    

           Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:     

  • ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);
  • зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;
  • еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);
  • зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін).

 Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.

Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT