Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 29 қазан күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет және өнер саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId2a6df23cf0
Конкурстың мақсаты: ТжКББ ұйымдары педагогтерінің мәдениет және өнер саласы бойынша шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты, дарынды шығармашылық педагогтардың конкурсқа қатысу тәжірибесін насихаттау және облыстық кезеңнің жеңімпазын анықтау болып табылады.Әділқазы құрамының бағалау нәтижесіне сәйкес әр құзыреттілік бойынша байқау нәтижесі төмендегідей:
02150400 «Хорды дирижерлау» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Куламанова Гулнур Есенкосовна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;
ІІ орын – Жолимова Айнур Алибековна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІІ орын – Уракова Дина Рышановна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
02150700 «Хореография өнері» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Есмақанова Гуля Мақсатқызы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;
ІІ орын – Ашигалиева Айгерим Рыскалийевна, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі.
02150300 «Вокалдық өнер» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Вокалдық өнер «Эстрадалық вокал» Ергалиева Гулжанар Сейлханова, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі;
ІІ орын – Вокалдық өнер «Эстрадалық вокал» Ажмуханбетқызы Асия, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІІ орын – Вокалдық өнер «Эстрадалық вокал» Байтурешева Айгуль Агинбаевна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
І орын – Вокалдық өнер «Дәстүрлі ән» Әбілхасан Нұрпейіс Елібайұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
І орын – Вокалдық өнер «Академиялық вокал» Омаров Нұртас Омарұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІ орын – Вокалдық өнер «Академиялық вокал» Жумабаева Гульфия Султанбековна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІ орын – Вокалдық өнер «Академиялық вокал» Калмыков Беджа Вячеславович, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІІ орын – Вокалдық өнер «Академиялық вокал» Ургеншбаева Айгуль Сагынгрейкызы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
02150100 «Аспаптық орындау» құзыреттілігі бойынша:
І орын – «Прима қобыз» Сарсенгалиева Шынар Шарафаддиновна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІ орын – «Прима қобыз» Токмурзина Айдана Сабыржановна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
– «Прима қобыз» Картанова Айгул Әбдіқалыққызы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
ІІ орын – «Домбыра» Орман Әйгерім Амангелдіқызы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі;
ІІ орын – «Домбыра» Өтебай Темір Тлеуғазыұлы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
І орын – «Қыл қобыз» Мерғали Перизат Серікқызы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
І орын – «Гобой» Ізмағамбетұлы Дәулет, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
І орын – «Баян-аккордеон» Абишова Акгуль Муратовна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
І орын – «Альт қобыз» Нысанов Жігер, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
І орын – «Шертер» Хожабаева Майра Жарылкасыновна, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі
І орын – «Саз сырнай» Максимова Зауреш Бисенбиевна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
02150500 «Актерлік өнер» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Баймұратов Сержан Елеусізұлы, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі.
Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерді жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!
«ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId6845587278
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Pro-Qoldau» жобасы аясында Байғанин техникалық колледжінде «ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында орталықтың директор орынбасары А.А.Аскербекова шараның мақсаты, өзектілігіне тоқталып, кәсіби білім беруде педагогтердің құзыреттеліктерін дамыту мен жетілдіру бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г.А.Кулсейтова «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында өз баяндамасын жасап, орталық тарапынан жобалар аясында атқарылып жатқан шаралар мен олардың маңыздылыға тоқталды. Сондай-ақ, колледж педагогтері үшін аттестаттау қағидалары мен шарттарына тоқталып өтті.
Шараның негізгі бөлімінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Екібасова Бибігүл Ілесқызы «Колледждегі білім беру бағдарламасын жаңғырту: заманауи әдістер мен цифрлық шешімдер негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру», Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Баймукашева Жұлдыз Нұрхожақызы «Өндірістік тәжірибені ұйымдастыруды жетілдіру: дуальды оқыту, цифрлық технологиялар және құзыреттілікке негізделген тәсілдер арқылы кәсіби маман даярлау», Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Умирзакова «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында білім беру бағдарламаларын жаңғырту, дуальды оқыту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылып, тәрбие жұмысы мен әдістемелік қызметтің рөлі кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледж әдіскері Тілеубергенова Назгүл Жолымбетқызының «Цифрлық жүйелерде педагог құжаттарын жүктеу: “Ұстаз”, “Үздік педагог” және «Е-Gov» мүмкіндіктері» тақырыбында педагог құжаттарын цифрлық жүйелерде рәсімдеу мүмкіндіктері таныстырылып, жасанды интеллектті оқу үдерісінде қолдану жолдары көрсетілді. шебер класы көрсетіліп, тың ақпаратымен бөлісті.
Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде Байғанин техникалық колледжі педагогтерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, семинар қорытындыланды.
«Арнайы пән және өндірістік оқыту шеберлерінің үздік портфолиосы» облыстық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз !
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeIdf7b2c3f83a
2026 жылғы 10 ақпан күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Арнайы пән және өндірістік оқыту шеберлерінің үздік портфолиосы» облыстық сырттай байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату, үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Байқауға облыстың 23 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан 83 педагог қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін, педагогикалық тәжірибесін, білім беру үдерісінде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдері мен инновациялық тәжірибелерін портфолио арқылы ұсынды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!
Сервис саласындағы кәсіби шеберліктің өңірлік кезеңі өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId39fd26ed21
«Pro–Qoldau» әдістемелік жобасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өткізілді.
ТжКББ ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің тәжірибе алмасуына жол ашқан конкурста қатысушылар кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес байқау нәтижесі төмендегідей:
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Сарина Гулжан Сергеевна, Ақтөбе сервис колледжі
II орын – Оралова Айгуль Сисенбаевна, Ойыл кәсіптік колледжі
«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Молдабаева Акнұр Жангелдіқызы, Ақтөбе сервис колледжі
II орын – Мулдибаева Даметкен Секибаевна, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
III орын – Жанаманова Әсем Қуанышбекқызы, Шалқар көпсалалы колледжі
«Үздік маман» - Кабдолова Айгерим Махсотовна, Ш.Берсиев атындағы
Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
«Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Тұржан Гүлдана Талғатқызы, Ақтөбе техника-технологиялық
колледжі
II орын – Тугелова Тойдық Бекішқызы, Ақтөбе сервис колледжі
«Қонақүй әкімшілігі» құзыреттілігі бойынша:
I орын – Жанторина Айгерим Махамбетовна, Жайсаң көпсалалы колледжі
II орын – Казиева Гулжан Сырымбаевна, Ақтөбе сервис колледжі
Ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында Алматы қаласы мен Жетісу облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
Ақтөбеде ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId557b2c0fc4
2026 жылғы 19–20 қазанда Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі базасында тау-кен металлургия саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты педагогтерді анықтау және қолдау, тау-кен металлургия саласы үшін білікті кадрлар даярлаудағы озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
Кәсіби байқауға еліміздің әр өңірінен келген колледждердің 7 педагогі қатысып, төрт мамандық бағыты бойынша өзара бақ сынады. Байқаудың алғашқы күні қатысушылар тіркеуден өтіп, салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Одан кейін байқау бағдарламасы мен ережелері таныстырылып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар жұмыс орындарымен және техникалық жабдықтармен танысты.
Байқау теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Теориялық кезеңде қатысушылардың кәсіби білімі бағаланса, практикалық кезеңде өз мамандығы бойынша білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдану қабілеттері сыналды.
Сарапшылар кеңесі қатысушылардың жұмыс нәтижелерін қорытындылап, байқаудың жалпы хаттамасын рәсімдеді. Салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Қатысушылардың жұмыстарын тау-кен өндірісі, электромеханика, сапаны бақылау, және өндірістік қауіпсіздік салаларында тәжірибесі бар мамандардан құралған сарапшылар кеңесі бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
07240100 «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы бойынша:
I орын – Биржанова Динара Султангалиевна, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
II орын – Доланова Жансая Муратпековна, Риддер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
07240300 «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу» мамандығы бойынша:
I орын – Устабаева Надежда Николаевна, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
II орын – Таңсықбек Махсат Алтынбекұлы, Жаңатас көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
07130700 «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары)» мамандығы бойынша:
I орын – Калимжанов Амангельды Абугалиевич, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
II орын – Шинкевич Светлана Александровна, Рудный политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
07240500 «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» мамандығы бойынша:
III орын – Тюрина Анна Игоревна, Риддер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Республикалық байқау педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және білім беру ұйымдары мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Осындай кәсіби алаңдар тау-кен металлургия саласына қажетті білікті мамандарды даярлау сапасын арттыруға, заманауи өндірістік талаптарды оқу үдерісіне енгізуге және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ықпал етеді.
Байқауға қатысқан барлық педагогке белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
«Мен – кәсіпкермін» облыстық гранд-турнирінің жеңімпаздары анықталды
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId965938d026
2026 жылғы 27 қазан күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және іскерлік дағдыларын дамыту мақсатында «Мен – кәсіпкермін» облыстық гранд турнирі өтті.
Турнир 12 бағыт бойынша ұйымдастырылып, оған барлығы 44 команда қатысты. Қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстырып, кәсіпкерлік идеялары мен оларды жүзеге асыру жолдарын ұсынды.
Турнир қорытындысы бойынша әр бағыттағы жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағыты бойынша:
1 орын - Айткалиева Лаура, Билякович Надежда, Ротарь Арина, Ақтөбе сервис колледжі
2 орын - Меньшикова Дарья, Байгазина Жанель, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
3 орын - Жангелді Даниял, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
«Қонақүй ісі, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша:
1 орын - Амангелдиева Жібек, Исатаева Самал, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
2 орын - Михаленко Луана, Нұрекешов Нұртуған, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
3 орын - Алдабергенова Жансая, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
Есенов Елхан, Есенов Ильхан, Ақтөбе өнеркәсіптік- технологиялар колледжі
Мақсотқызы Қарақат, Сақтаған Жанерке, Ақтөбе сервис колледжі
Кеңес Мерей, Қадырбаев Айша, Мырзабай Орынай, Ақтөбе сервис колледжі
«Ақпарат, цифрлық технологиялар және жасанды интеллектті қолдану» бағыты бойынша:
1 орын - Бримжарова Айару, Сарсенбай Қарақат, «Рауан» көпсалалы колледжі
2 орын - Аманбайұлы Нұрболат, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
Гиният Дильназ, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
3 орын - Бекболат Диас, Алгалиев Ерсаин, Айтқалиұлы Әлімжан, Ақтөбе автожол колледжі
Оңдасова Ақтоты, Темірбек Рауана, Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі
«Өндіріс, технология, ауыл шаруашылығы»бағыты бойынша:
1 орын – Балгужин Бахтияр, Пронишев Дмитрий, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
2 орын - Жақсығалиев Ақниет, Жақсылық Айбат, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
Мұхтар Мансұр, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
3 орын - Ахматжан Шодиер, Алдамжарова Нұрали, Көбей Мейрамбек, Ақтөбе автожол колледжі
Қуаныш Мансур, Акунов Амирхан, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
«Шоу бизнес, мәдениет, өнер» бағыты бойынша:
1 орын – Елюсизов Тимур, Нуржанов Артур, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
«Дизайн (түрлері), креативті индустриялар» бағыты бойынша:
1 орын – Құлымжан Санжар, Абай Алмат, Бахытжан Ақжол, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
2 орын - Дүйсенбай Нұрай, Жалекен Әсем, «Дүние» колледжі
Михайлова Аяжан, Сапаров Саят, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
3 орын - Шопырова Айлина, Нұрлыбаева Зарина, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
«Медицина, денсаулық, сұлулық» бағыты бойынша:
1 орын – Руслан Мерей Темирланқызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы жоғары медициналық колледжі
2 орын - Хаметова Александра, Сағындық Аяулым, Рыбина Александра, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
3 орын - Оспан Нұрғаным, Аскербекова Ботагөз, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
«Экология» бағыты бойынша:
1 орын – Хамитова Камшат, Төлегенұлы Мадияр, Ықыласов Нұрәділ, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
2 орын - Хаметова Зарина, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
3 орын - Бағдаулетова Аружан, Неткалиев Батырбек, «Рауан» көпсалалы колледжі
Жарасқызы Гулден, Жексенбай Арай, Жубаниязова Алина, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі
«Сауда» бағыты бойынша:
2 орын - Антонова Аида, Ойыл кәсіптік колледжі
3 орын - Мирманова Асем, «Дүние» колледжі
3 орын - Тагиева Камилла, Шумилова Ольга, Овчинникова Юля, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
«Білім беру» бағыты бойынша:
2 орын - Логойко Алина, Бисембаева Лиана, «Дүние» колледжі
3 орын - Гасперович Валентина, Шаяхметова Данель, Бекжанова Асема, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
3 орын - Серғали Жаннұр, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі
«Туризм» бағыты бойынша:
2 орын - Намазбай Аяна, Ақтөбе сервис колледжі
3 орын - Руппс Дарья, Гладкевич Ангелина, Гатала Вероника, Ақтөбе техника- технологиялық колледжі
«Көлік, логистика» бағыты бойынша:
2 орын - Жахин Амит, Жаксиликов Манарбек, Ақтөбе техника – технологиялық колледжі
3 орын - Жолдас Дулат, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Турнир студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамытып, инновациялық ойларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік берді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық «Мен – кәсіпкермін» гранд-турниріне қатысып, өздерінің бизнес-жобаларын республикалық деңгейде таныстырады.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Теміржол көлігі саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/konkursnaya-rabota#sigFreeId6d638b5566
2026 жылғы 28–29 қазан аралығында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында теміржол көлігі саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты теміржол көлігі саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау және олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру болды.
Конкурс үш құзыреттілік бойынша өтті:
- 07140700 – «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару»
- 07160500 – «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
- 07320800 – «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан 21 педагог қатысты.
Конкурс төмендегі кезеңдер бойынша өткізілді.
I кезең - теориялық бір модульден тұрады.
II кезең - практикалық екі модульден тұрады.
I КЕЗЕҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.
Модуль 1. Өндірістік технологиялық процестерін басқаруды, техникалық пайдалануды, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын үйымдастыру қағидаларын орындау (компыютерлік тестілеу).
II КЕЗЕН ПРАКТИКАЛЫҚ.
Модуль 2. Темір жол желісіндегі объектілерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіби міндеттерді шешу.
Модуль 3. Темір жол көлігі саласындағы кәсіби құзыреттерді іске асыру және талдау.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
- 07140700 – «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» құзыреттілігі бойынша:
І орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Ибраимов Куанар Ажайыпович;
ІІ орын – М. Тынышбаев атындағы ALT көлік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Молдадосова Гульжайна Кенесовна;
ІІІ орын – Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Калиев Жандарбек Нуржанович.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясымен Шымкент қаласы Жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Атамбекова Мадина Бахтияровна марапатталды.
Сертификат:
- Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Темирбекова Раушан Бахытбековна
- Қостанай облысы ҚИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжі, арнайы пән оқытушысы Алқамбай Индира Есенкұлқызы
2. 07160500 – «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша:
І орын – М. Тынышбаев атындағы ALT көлік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Асабаев Нуржан Дуйсенбаевич;
ІІ орын – М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Өмірзақ Бақытжан Ержанұлы;
ІІІ орын – Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Бердыгалиев Серик Есбергенович.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясымен Қарағанды теміржол колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Шалгынбаев Бактыбай Катжанович; Байкен Әшімов атындағы Петропавл көлік және машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері Попович Александр Сергеевич және О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жиеналиев Абай Жакенович марапатталды.
Сертификат:
- Алматы қаласы, Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі, арнайы пәндер оқытушысы Жақсылықов Дулат Естайұлы
- Жамбыл облысы, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі, өндірістік оқыту шебері Сейсебаев Куантай Набиевич
- Түркістан облысы, Түркістан облысының білім басқармасына қарасты №17 колледж, өндірістік оқыту шебері Тагаев Жарылкасын Аманбекович
- Ұлытау облысы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі», арнайы пән оқытушысы Айдагараев Абилхан Алимханович
- Қызылорда облысы, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, арнайы пән оқытушысы Байтлесов Рахымгали Куатович
- 07320800 – «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша:
І орын – М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Нұрмағамбет Шамшадин Шапайұлы;
І орын – Алматы көлік және коммуникациялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Даулеткелдинова Салтанат Нурлыбековна.
«Кәсіпқойлығы үшін» номинациясымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Каримсакова Кулянда Жантлеуовна марапатталды.
Сертификат
- Шалқар көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері Жандоңғарова Нұрсауле Өтеуқалиқызы
Барлық қатысушылар мен сарапшыларға сертификат пен алғыс хат табысталды.

