Оқу сауаттылығын арттыру бойынша әдістемелік іс-шаралар
«PISA үлгісінде оқу сауаттылығын дамыту: мәтін әлемі – білім кілті»
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeIdf6298e251a
Облыстық әдістемелік орталығының функционалдық сауаттылықты арттыру жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «PISA үлгісінде оқу сауаттылығын дамыту: мәтін әлемі – білім кілті» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.
Шараның мақсаты – педагогтердің PISA форматындағы мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және PISA талаптарына сәйкес практикалық тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты бағалау тәсілдерін жетілдіру.
Іс-шара барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.магистрі Жұлдыз Әнеш «Педагог құзыреттілігі: PISA тәжірибесі» тақырыбында педагогтердің заманауи білім беру үдерісіндегі рөлі мен функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелеріне тоқталды.
Ақтөбе қаласы №56 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынар Мауленбергенова «PISA форматы: түрлері, құрылымы және ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық зерттеудің мазмұны мен тапсырма құрылымдарына жан-жақты талдау жүргізді.
Ақбөбек лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжол Бактыгулов «Шеберлік шыңы – білім мен тәжірибені ұштастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді оқыту әдістерін ұсынды.
Шебер-класқа қатысушылар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, оқушылардың мәтінді түсіну, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістермен танысты.
Шара соңында Шынар Мауленбергенова «Curipod» платформасы арқылы рефлексия ұйымдастырып, қатысушылар кері байланыс жасады.
Әдістемелік іс-шара педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және PISA форматына сай тапсырмалармен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Математикалық сауаттылықты арттыру бойынша әдістемелік іс-шаралар
«МАТЕМАТИКАДАН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІК ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Облыстық әдістемелік орталығының функционалдық сауаттылықты арттыру жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикадан функционалдық сауаттылыққа байланысты мәтіндік есептерді шешудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №4 гимназиясының математика пәні мұғалімі Камила Сугирова «Математика сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: мәтіндік есептерді шешудің тиімді тәсілдері» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Ақтөбе қаласы «Кемел ұрпақ» мектебінің математика пәні мұғалімі Бауыржан Жилгельдин «Сөз есептерді шығарудың тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік жұмыстар ұсынып, мәтіндік есептерді талдау мен шешудің жолдарын көрсетті.
Ақбөбек халықаралық мектебінің Сингапур бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда математика пәнінің сертификатталған маманы және әдіскері Салтанат Хасенова «Сингапурлық “Big Idea” концепциясы» тақырыбында халықаралық тәжірибеге негізделген оқыту әдістерін таныстырды.
Семинар барысында педагогтерге мәтіндік есептерді талдау, шартын дұрыс түсіну, математикалық модель құру және шешімін негіздеу әдістері ұсынылды. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, түрлі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Іс-шара соңында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.магистрі Жұлдыз Әнеш «3-2-1» әдісі арқылы рефлексия жүргізіп, қорытынды жасады. Қатысушылар алынған білім мен дағдыларды оқу процесінде қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру бойынша әдістемелік іс-шаралар
«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУ АЛАҢЫ: ББЖМ-ге ДАЙЫНДЫҚ»
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeId076fe69790
2026 жылғы 24 сәуір күні облыстық әдістемелік орталығының функционалдық сауаттылықты арттыру жұмыс жоспарына сәйкес «Педагогтің кәсіби өсу алаңы: ББЖМ-ге дайындық» тақырыбында облыстық коучинг өтті.
Мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) үдерісіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
Коучинг барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Дания Тлеуова «ББЖМ-ге дайындықтың жүйелі моделі: пәнаралық интеграция және әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.
№51 гимназияның биология пәні мұғалімі Сауле Ерназарова «Жаратылыстану-математика бағыты пәндерінде оқу жетістіктерінің мониторингі арқылы оқыту сапасын арттыру жолдары» тақырыбында өз тәжірибесін ұсынды.
№59 ЖББОМ география пәні мұғалімі Айгерим Кенжебаева цифрлық платформаларды тиімді пайдалану арқылы интерактивті тест тапсырмаларын модельдеу жолдарын көрсетті.
№80 ЖББОМ химия пәні мұғалімі Жанат Булекова «ББЖМ форматы: пәнаралық тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.
№6 орта мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Гулсая Имангалиева «ББЖМ тапсырмаларын құрастырудағы пәнаралық функционалдық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасады.
Шара соңында «3-2-1» әдісі арқылы рефлексия жүргізіліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Облыстық коучинг педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби ынтымақтастығын арттыруға және ББЖМ-ге сапалы дайындық жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeIdc397b08d2b
Ағымдағы жылғы 9 ақпан күні білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жаратылыстану бағытындағы PISA, TIMSS тапсырмаларын сабақта қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысып, халықаралық зерттеулер форматындағы тапсырмаларды оқу үдерісіне кіріктіру, функционалдық сауаттылықты дамыту және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Семинар барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Каплиева тиімді бағалауды құрылымдауда функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері туралы баяндама жасады. Биология және химия пәнінің мұғалімі Р.Дарибаева PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарымен бөлісті.
География және математика пәндерінің мұғалімдері Е.Строганова мен А.Муханова практикалық бағыттағы функционалдық сауаттылық тапсырмалары мен геокеңістіктік талдау негізінде қалалық инфрақұрылымды дамытуға қатысты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру тәжірибесін ұсынды.
Математика пәні мұғалімі О.Талавирова оқушылардың математикалық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамыту жолдарын таныстырса, математика және информатика пәндерінің мұғалімі Т.Тихомирова математикалық есептерді шешуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Физика пәні мұғалімі А.Рахимов қолданбалы тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар арқылы оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар аясында қатысушылар www.testter.kz платформасында практикалық жұмыс жүргізіп, халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау және талдау мүмкіндіктерімен танысты.
Қорытынды бөлімде информатика пәні мұғалімі Ж.Ескалиева жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, PISA және TIMSS форматындағы информатика тапсырмаларын әзірлеу тәжірибесін ұсынды.
Семинар педагогтердің тәжірибе алмасуына, халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес білім беру сапасын арттыруға және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді алаң болды.
Жаратылыстану пәні: бастауыш сыныпта зерттеуге негізделген оқыту және функционалдық сауаттылық
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeIdcc54eebcfb
2026 жылғы 22 қаңтарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану пәні: бастауыш сыныпта зерттеуге негізделген оқыту және функционалдық сауаттылық» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жаратылыстану пәнін оқытуда зерттеуге негізделген оқыту тәсілдерін тиімді қолдану және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттау болды.
Семинар барысында М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.М.Хамадинова, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.С.Конарова, Қобда қазақ орта мектебінің мұғалімі У.С.Утемисова, «Ақбөбек» халықаралық мектебінің мұғалімі С.Н.Хасенова және А.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі К.Ш.Менденова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлер жаратылыстану пәнінде зерттеуге негізделген оқытудың тиімді әдістері, функционалдық сауаттылықтың маңызы мен оның пәндік білімді өмірмен байланыстырудағы рөлі, сондай-ақ оқыту үдерісінде қолданылатын заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру технологиялары жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әдістерді тәжірибе жүзінде талқылады.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, білім беру үдерісіне жаңашыл көзқарастар мен тиімді әдістерді енгізуге, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeId95711fb65c
2026 жылғы 22 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы жас мамандарға арналған «PISA Skills: білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту» тақырыбында облыстық workshop-семинар өтті. Семинардың мақсаты – жас педагогтердің PISA форматындағы тапсырмалардың құрылымы мен бағалау критерийлерін меңгеруіне жағдай жасау, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған сабақтарды тиімді жоспарлау жолдарын көрсету.
Семинардың негізгі бөлімінде №83 ЖББОМ математика пәні мұғалімі М.У. Умирбаева, Хромтау ауданы Табантал орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі З.С. Ешпанова, Ш. Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ биология магистрі М.Х. Тапаева, №83 ЖББОМ химия пәні мұғалімі Р.И. Уразова және география пәні мұғалімі А.И. Ибраһимова «Математика-жаратылыстану пәндерінің тақырыптарын PISA дағдыларын дамытуға бейімдеу» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктерін түсіндіріп, пәндік мазмұнды өмірлік жағдаяттармен байланыстырудың тиімді жолдарын көрсетті.
Практикалық бөлімде қатысушылар PISA форматындағы тапсырмаларды әзірлеу, бағалау критерийлерін қолдану және білім алушылардың зерттеу, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді тәжірибе жүзінде орындады.
Workshop-семинар жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, PISA талаптарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіруге және жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытудағы заманауи тәсілдерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
Функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастыру – уақыт талабы
https://bilimaktobe.kz/kz/funktsional-naya-gramotnost#sigFreeIdf94fdfed61
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды құрастыру» атты облыстық практикалық workshop онлайн форматта өтті. Шараға облыстың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Теориялық бөлімінде спикерлер функционалдық сауаттылық — бұл жай ғана білім жиынтығы емес, адамның әлемде бағдар тауып, күнделікті мәселелерді тиімді шеше алу қабілеті маңызыдылығын атап өтті.
Сондай-ақ функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, ақпаратты талдауға және өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс. Осы тұрғыда қазіргі сабақтар құрғақ фактілерді баяндаумен шектелмей, контекстік оқытуға, яғни білімді нақты өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып меңгертуге бағытталуы қажет екені ерекше атап өтілді.
Практикалық бөлім барысында қатысушылар PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне негізделген тапсырмаларды талдап, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған авторлық кейстер құрастырды. Сонымен қатар педагогтер «интеллектуалды» тапсырмалардың құрылымымен танысып, өмірлік жағдаяттарда қолдану, ақпараттық мәтіндермен, графиктермен және кестелермен жұмыс істеу жолдарын қарастырды.
Шара соңында қатысушылар әзірлеген үздік жұмыстар жинақталып, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар банкі қалыптастырылды.

