Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар»

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы, Қалалық көкремсурет лицейінің қосымша білім беру педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі Таженова Ләйла Мырзалиевна жетекшілігімен «Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы  шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы  және  қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған  «Қосымша білім берудегі шығармашылыққа үйретудің инновациялық әдістері мен технологиялары» тақырыбындағы облыстық семинар  өткізілді.

       Шара барысында Ақтөбе қаласы, Қалалық көркемсурет лицейі, қосымша білім беру  педагогі Таженова Лэйла Мырзалиевна «Гобелен тоқу өнері», Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Жулкерова Гульназ Шамильевна «Шығармашылық пен ізденіске қол жеткізу арқылы жаңа технологияларды тиімді пайдалану»,  «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-нің  қосымша білім беру педагогі Төребекова Римма Көпбергенқызы «Жүнмен шығыңқы бейне жасау», Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінің бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі Махаева Жанат Бекбулатовна «Шелкография әдісі»«Бұйымдарды безендіру»«Байғанин аудандық шығармашылық орталығы» МКҚК-ның «Қолданбалы қолөнер»  үйірмесінің жетекшісі Өришанова Гүлжанат Балтабайқызы «Тұмар картинкасы»,Қазанғап атындағы Өнер мектебінің қосымша білім беру  педагогі Жангасиева Самал Айсагалиевна «Сәндік қолданбалы өнерінің декоративтік элементтері» тақырыбында  шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шығармашылық шеберхана мүшелері  өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Шара соңында   қортындыланып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» КММ -нің «Сөз барымтасы» айтыс үйірмесінің жетекшісі, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, республикалық айтыстардың жүлдегері, қосымша білім беру педагогі Керімбек Аруна Берікқызының «Айтыс түрлері және оның көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберхана отырысы өткізілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері А.М.Нарегеева және Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы»КММ-нің әдістемелік бөлім меңгерушісі Ж.З.Қонысова сөз сөйлеп, Шығармашылық шеберхана бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерге сәттілік тіледі.

Шығармашылық шеберхана жетекшісі «Қосымша білім беру ұйымдарында айтыс үйірмесінің маңызы», «Айтысқа дайындау барысында жіберілетін қателіктер», «Мақам таңдауда дәстүрлі ән мектептеріне назар аудару», «Айтыс өнеріндегі негізгі ұстанымдар» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс соңында қатысушы әріптестермен кері байланыс жүргізіліп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT