Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

 

           Алаңның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе алмасу мен шығармашылық ынтымақтастық алаңын құру.

      

  Алаңның ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызы және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басшысы Серікова Раушан Серікқызы және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, Жастар кеңесінің төрағасы Бітімбай Асан Бақытұлы қатысып, жас педагогтерге сәттілік тілеп, заманауи білім беру мен жасанды интеллект дәуірінде кәсіби дамудың маңыздылығына тоқталды.

Үш күндік алаң бағдарламасы білім беру жүйесіндегі заманауи бағыттарды қамтыды. Қатысушылар жасанды интеллект негіздері және оның білім берудегі мүмкіндіктері; prompt жазу және жұмысты автоматтандыру тәсілдері; ЖИ көмегімен сабақ жоспарларын әзірлеу; бағалау құралдары мен тест тапсырмаларын құрастыру; интерактивті сабақтар жасау; мұғалімнің жеке брендін қалыптастыру; кәсіби портфолио әзірлеу бағыттары бойынша практикалық жұмыстарға қатысты. Ал кәсіподақ тарапынан еңбек құқықтары, әлеуметтік қолдау мен педагог мәртебесіне қатысты маңызды ақпараттар алып, құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды. Алаң аясында білім беру іс-шараларымен қатар қатысушылар үшін сергіту және шығармашылық бағдарламалар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, волейбол, бассейн, ұлттық ойындар, тир ату, интеллектуалдық Quiz, шығармашылық кештер мен тимбилдинг шаралары өткізілді. Ал кәсіподақ тарапынан еңбек құқықтары, әлеуметтік қолдау мен педагог мәртебесіне қатысты маңызды ақпараттар алып, құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды.

         Алаңның қорытынды кезеңінде қатысушылар «ЖИ мұғалім» жобаларын қорғап, гала-концертте өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

         «AI ORTA» – бұл тек оқу алаңы ғана емес, жаңа идеялар, тәжірибе алмасу, кәсіби өсу және жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту кеңістігі. Алаң жас ұстаздарға жаңа серпін беріп, заманауи білім беру технологияларын меңгеруге мүмкіндік берді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT