Даму мен ынтымақтастыққа негізделген жұмыс тәсілдері
https://bilimaktobe.kz/kz/a-a-t-l-mger#sigFreeId418e71b4f9
2026 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Даму мен ынтымақтастыққа негізделген жұмыс тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу арқылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімді әдістерін жетілдіру, кәсіби біліктілікті арттыру және болашаққа бағдарланған тәрбие үдерісін дамыту.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен аға тәлімгерлері қатысты. Семинар бағдарламасы мазмұнды баяндамалармен жалғасын тапты
Шара барысында:
- Қуанышбекова Дана Тынықбайқызы «Үркер кинофестивалі: тәрбие мен шығармашылықты ұштастыру тәжірибесі» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті;
- Гапбасова Бахытгүл Мұқанбетсадыққызы «Level-Up: соңғы мүмкіндік» тақырыбында заманауи форматтағы «Кальмар ойыны» әдісін таныстырды;
- Мадиярқызы Салтанат «Ұлттық рухтан – көшбасшылыққа» бағытындағы жұмысын ұсынды;
- Алдабергенова Ақторғын Тұрақбайқызы «Құрмет Taim» жобасы арқылы ұстазға құрмет көрсету мәдениетін насихаттады.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс берді. Іс-шара қорытындыланып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға бағыт-бағдар берілді.
Аталған семинар тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және шығармашылық ізденістеріне серпін берген маңызды алаң болды.
"Үздік аға тәлімгер - 2026" атты облыстық байқауы өтті
https://bilimaktobe.kz/kz/a-a-t-l-mger#sigFreeId8fd5ff5ae8
2026 жылдың 30 наурыз күні №84 жалпы білім беретін орта мектебінде "Үздік аға тәлімгер - 2026" атты облыстық байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар педагогикалық қызметтеріне қысқаша шолу жасап, мамандығына деген көзқарасы туралы таныстыру дайындады.
Сонымен қатар тәлімгерлік жолына қатысты видеоролик даярлап, іс-шараның сценарийін көрсетті. Байқау мақсатына сай аға-тәлімгерлер өз қызметтерінің тиімді модельдерін анықтады. Әділқазы мүшелерінің шешіміне сай Мадиярқызы Салтанат бас жүлде, Қуанышбекова Дана Тынықбайқызы І орын, Алдабергенова Ақторғын Тұрақбайқызы мен Гапбасова Бахытгүл Муканбетсалыковна ІІ орын, Редова Фарида Сабитовна мен Құлмағанбетова Фариза Бекболатқызы ІІІ орын, Саулебай Азиза Аскарбековна "Үздік бейнеролик" номинациясына, Әбдрешова Динара Амандыққызы "Креативті таныстыру" номинациясына, Құлжабекова Сандуғаш Нұрмұқанбетқызы, Кребаева Замзагуль Сарсенбаевна, Жадырасова Ақнұр Манасқызы, Сейтмаганбетова Гульдана Артыкбаевна алғыс хатқа ие болды
https://bilimaktobe.kz/kz/a-a-t-l-mger#sigFreeId4f7e0e0e2b
2026 жылдың 20 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы білім беретін орта мектебі базасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Аға тәлімгердің практикалық әдістері: идеядан шешімге» тақырыбында облыстық брейнсторминг өтті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тиімді тәжірибелерін жетілдіруге және білім беру ұйымдары арасында инновациялық идеялар алмасуға бағытталды.
Шараға білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері қатысып, тәрбие жұмысының заманауи бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Брейнсторминг барысында мектептегі тәрбие жүйесін ұйымдастыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, көшбасшылық пен мотивацияны арттыру, психологиялық қолдау көрсету және эмоционалдық ресурсты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Қорытындысында брейнсторминг аға тәлімгерлердің шығармашылық әлеуетін дамытып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және тәрбие жұмысының сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді алаң ретінде бағаланды.

