Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыруға арналған облыстық вебинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/kz/2-uncategorised/306-balalar-k-tapkhanasy-zhobasyn-zh-zege-asyru-bojynsha-oblysty-vebinar#sigFreeId604a5857db
Вебинарға 300-ден астам мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, «Балалар кітапханасы» жобасының жетекшілері, мектеп кітапханашылары қатысты.
Вебинар барысында жоба аясында атқарылып жатырған жұмыстардың мазмұны таныстырылып, кітапхана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, жас ұрпақты кітап оқуға баулуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, цифрлық ресурстарды, жасанды интеллект, «Alaqan» биометриялық жүйесінің кітапханада тиімді пайдалану мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР
Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыруға арналған облыстық вебинар өтті.
Мақсаты – «Балалар кітапханасы» жобасын білім беру ұйымдарында жүйелі және тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылау, оқушылардың оқу мәденетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған озық тәжірибелерді тарату.