Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 29  қаңтар  күні Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының 150-ден астам ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтері, топ кураторларымен «Жұмысшы мамандығын даярлауда тәрбие жұмысының рөлі» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастарды осы саладағы оқу орындарын таңдауға ынталандыру, оның қоғамға қосар үлесін түсіндіру және білім алушыларды кәсіби даярлау мақсатында ұйымдастырылды.

Әр облыстың әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

         Шара барысында озық тәжірибелі облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері мен ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

-«Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандығына сұранысты арттырудағы тәрбиенің рөлі»;

-«Біртұтас тәрбие және қоғамдағы еңбек адамы»;

-«Жұмысшы мамандықтарын даярлауда кәсіптік бағдар жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңызы»;

-«Бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы тәрбие процесінің рөлі»;

-«Жұмысшы мамандығын даярлауда тәрбие жұмысының  кәсіби құндылықтарды қалыптастыру»;

-«Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау» тақырыптарында  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр студенттің көшбасшылық ерекшелігін ашу, жастар бастамаларына қолдау көрсету бағытында топ кураторлар, педагог-психологтар,  дебат, клуб, үйірме жетекшілері, жастар ісі жөніндегі комитетінің  жұмысын жандандыру қажет екендігі айтылды.

          Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН  КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі базасында 2025 жылғы 23 қаңтар күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Цифрлық кітапхана арқылы білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шара облыс кітапханалары арқылы білім алушылардың цифрлық және ақпараттық ресурстарды өзара пайдалану белсенділігін арттыру, ізденушілік қасиеттерін шыңдау, оқу мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.      

Шара барысында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Ж.Алишева сөз алып кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және колледж білім алушылары мен педагогтерінің тәрбие саласындағы жетістіктерін атап өтіп,  тәрбие бағытының жұмысын жандандыруда тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталды.

Орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыру»,  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры  Г.Сейталина «Креативті индустрия: кітапхана саласында дамыту тәжірибесі», С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, «Кітапхананы дамыту» бөлімінің әдіскері Қ.Алпысбаева «Білім алушылардың оқу мәдениетін дамытуда цифрлық кітапхананың рөлі», тақырыптарында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары М.Казмукашева мен кітапханашы Н.Қобландина «Бір ел - бір кітап - 2025» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.

Тәжірибелік бөлімде Tedx форматында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының тәрбие орынбасары  Ш.Түменбаев, колледждің кітапхана меңгерушісі Р.Ескарина  «Цифрлық кітапхана – колледж тәжірибесінде»  тақырыбында  библио-кросс, топ куратор А.Калиева,  педагог-психолог Н.Жармуханбетова қатысушылармен фасилитация ұйымдастырып, өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық диалогтық алаңда қатысушылар ұсыныстарын айтып, талқыланған мәселелердің өзектілігіне қорытынды жасалды. Шарада өз тәжірибелерімен бөліскен мамандарға орталық басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.

 

АҚТӨБЕ , АТЫРАУ, БҚО, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДЕБАТ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР - ТРЕНИНГ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 28 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік» тақырыбында өңірлік семинар - тренинг өтті.

Семинар мақсаты-ТжКББ ұйымдарының дебат жетекшілерінің шығармашылық белсенділігін, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты кеңінен насихаттау, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін дамыту және жас көшбасшыларға қолдау көрсету.

Өңірдің әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесін жаңғырту, маман даярлаудағы педагогтер беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында төмендегі озық тәжірибелі дебат жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1.«Пікірсайыс клубтарын ұйымдастырудың маңыздылығы» тақырыбында Атырау қаласы өңірлік лига төрағасы А.Рамазан;

2.«ТжКББ ұйымдарында дебат клубтарын ашу ережелері мен құрылымы» тақырыбында Ақтөбе қаласы пікірталас орталығының жетекшісі Е.Тобылбаев;

3.«Дебат - тәртіп пен тәрбие алаңы» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Теректі колледжінің дебат жетекшісі И.Жумабекова;

4.«ЛД форматының ережелері» тақырыбында Маңғыстау туризм колледжінің дебат жетекшісі Ж.Қойшиева;

5.«Дебат клубтарын ұйымдастыру - біздің іс-тәжірибемізде» тақырыбында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Түменбаев;

6.(Tedx форматында) «Американдық парламенттік форматты - дебат жүйесі» тақырыбында Ақтөбе құрылыс – техникалық колледжінің дебат жетекшілері А.Дәнекеров, А.Тағабергенова.

Шараға дебат жетекшілері қатысып және ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 04 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңірлік шебер-класс өтті.

Өңірдің әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесін жаңғырту, маман даярлаудағы педагогтер беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында төмендегі озық тәжірибелі педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1.(Tedx форматында): «Математиканы ағылшын тілінде оқытуда халықаралық іс-тәжірибені қолдану» тақырыбында APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің Г.К.Кабиденова математика пәнінің аға оқытушысы, педагог-сарапшы, білім магистрі, А.Х.Багытова ағылшын пәнінің аға оқытушысы, педагог – зерттеуші, Үздік – педагог – 2022 жыл.

2.«Оқыту нәтижелеріне бағытталған сабақ жоспарларын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында С.Қ.Жаңаберген Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, п.ғ.м., педагог-зерттеуші.

3.(Tedx форматында): «Интегрированное обучение как средство организации современного учебного процесса» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы, Жоғары аграрлық техникалық колледжінің Г.Ш.Мухамбеткалиева қазақ тілі және әдебиет пәннің оқытушысы, С.К.Утишкалиева тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің оқытушысы.

4.«Математика пәнін оқыту барысында тәжірибелік (лабораториялық) жұмыстарды қолдану» тақырыбында APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің К.Е.Тулегенова математика және информатика пәндерінің аға оқытушы, педагог – зерттеуші, п.ғ.м..

5.«Қазақ әдебиеті сабақтарында функционалды сауаттылықты дамыту» тақырыбында С.Т.Масатова Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы, п.ғ.м., педагог - зерттеуші

6.«Проблемы преподования химии в колледжах» тақырыбында А.Б.Турсунова Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжі химия пәнінің оқытушысы, педагог – зерттеуші.

7.(Tedx форматында): «Физика, химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелер» тақырыбында А.С.Изтлеуова Ақтөбе автожол колледжінің физика пәнінің жоғары санатты оқытушысы, А.А.Утепова химия пәнінің оқытушысы

8.(Tedx форматында): «Қазақ тілі мен химия пәні сабақтарын кіріктіре оқыту арқылы білім алушылардың белсенділіктерін арттыру» тақырыбында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің Г.Е.Жабасова химия пәнінің оқытушысы С.А.Амантаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

9.«ТжКББ ұйымдарында жалпы білім беретін пәндердің жүйелі және мақсатты жүргізілуі» тақырыбында Б.Ж.Нурмолдина Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ТжКБ және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері, п.ғ.м., педагог-сарапшы.

Шараға 200-ден астам жалпы білім беретін пәндер оқытушылары қатысты. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды.

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН  ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыты бәсекеге қабілетті түлекті дайындау, адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 25 қаңтар күні ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты мамандарымен «Ұлттық құндылықтар арқылы ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысының оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Әр облыстың әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Шара барысында озық тәжірибелі әр облыстың ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың алатын орны», «Құндылыққа толы қоңырау - колледжішілік жобасының тиімділігі», «Ұлттық құндылықтар - жастар көзімен», «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтарда», «Национальные ценности как основа воспитания современной молодежи», «Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері », «Жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқушылықтардың алдын алуға бағытталған психотерапиялық әдістер» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр студенттің көшбасшылық ерекшелігін ашу, жастар бастамаларына қолдау көрсету бағытында топ кураторлар, педагог-психологтар, дебат, клуб, үйірме жетекшілері, жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысын жандандыру қажет екендігі айтылды.

Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 12 қыркүйек күні «Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың маңызы, құқық бұзушылықтың алдын алу» атты облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

         Әдістемелік семинар колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білім алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

         Семинар облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары  Д.К.Халетова сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Шара барысында «Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы,  полиция майоры М.Ә.Қойшыбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және  жастардың  қоғамдағы орны мен құқығын білуі туралы басым бағыттарға және облыс  бойынша колледждермен бірлескен жұмыстары туралы ақпараттарға тоқталды.

         «Өркен» балалардың әл әуқатын дамыту ғылыми- практикалық институты, аға оқытушы А.С.Токбасова тәрбие жүйесінің белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы жастарға өзінің өмірлік ұстанымын, әрекетін саналы ұғуына педагогикалық көмек көрсету қажет екендігін айтып өтті.

         Тәжірибелік бөлімде Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Умирзакова,  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Тәжібаева біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жылдық жоспар бойынша  өткізілетін шараларына талдау жасап, бағдарламаның  мақсат, міндеттерін ашып,  құрылымы мен ұйымдастыру кезеңін талдап өтті. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтобе Жоғары Медициналық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,  топ жетекшілер кеңесінің төрайымы С.А.Амантаева жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды білім беруде терең сіңіре отырып, құндылықпен байланыстырылған тақырыптың жан-жақты баяндалуында түрлі әдістердің, сабақ көрнекілігінің мазмұны, тиімділігі, қолданылуын көрсетіп өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 

         Орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина ТжКББ ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырды.

         Шараға 200-ден астам облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы (төрағасы), топ куратор, жатақхана жетекшілері қатысты.

         Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар айтылып, ұсыныстар қабылданып, қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан мамандар мен педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

 

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТОП КУРАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЕРІМЕН  ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

2024 жылғы 29 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар облыстық әдістемелік орталығының директорының орынбасары Д.К.Халетованың ТжКББ жүйесінде әр пән оқытушылары сабақ барысында білім алушылардың танымдық үдерістері мен жеке қызығушылықтарының дамуына ықпал етіп, топ ұжымын қалыптастыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталуымен ашылды. Сонымен қатар, колледж білім алушылары мен педагогтерінің оқу-тәрбие саласындағы жетістіктерін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында орталық әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Құндылықтар негізінде білім беру: теория және тәжірибе», Ақтөбе автожол колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Қ.Сарсембаева «Ұлттық құндылықтарды пән арқылы білім алушылардың бойына сіңіру», Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің әдіскері А.Ж.Ахметова «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.

Тәжірибелік бөлімде ТжКББ ұйымдарының озық тәжірибелі педагогтері Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Г.С.Елтезерова «Қоғамдық пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтардың маңызы», Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің математика пәнінің оқытушысы К.У.Тукешева «Математика сабағында ұлттық құндылықтарды насихаттау» тақырыптарында шебер-класс көрсетуде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында орталығымыздың «Психологиялық-әлеуметтік қолдау» бөлімінің әдіскері М.Т.Сарсенгалиева «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында тренинг өткізіп, кеңес берді.

Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, қатысушылар жақсы лебіздерін білдіріп, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК - СЕМИНАР

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана - жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік - семинар өтті.

Семинар мақсаты - ТжКББ ұйымдары кітапханашыларының шығармашылық белсенділігін, ақпараттық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты кеңінен насихаттау, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін дамыту және қолдау көрсету.

Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Ж.Скакова сөз алып, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үшін теорияны практикамен байланыстыруда кітапханашыларға әдістемелік көмек көрсету, кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау үшін ұйымдастырылып отырған семинар қатысушыларына еңбек жолында сәттілік, тың жаңалықтар мен жаңаша ойлардың туындауына шығармашылық шабыт тіледі.

Шара барысында төмендегі орталық әдіскері мен тәжірибелі кітапханашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1.«ТжКББ ұйымдарында кітапхана жұмысының жүйелі және мақсатты жүргізілуі» тақырыбында Б.Ж.Нурмолдина Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ТжКББ беру бөлімінің әдіскері, п.ғ.м.

2.«Инновациялық даму жолындағы жобалар мен кітапхана» тақырыбында А. Көшербайқызы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

3.(Tedx форматында): Әдеби лото: «Қазыналы құндылық кітапта» тақырыбында С.Е.Бермукашева Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапханашысы, К.Б.Жексембаева Ойыл кәсіптік колледжінің кітапханашысы

4.Шебер – класс: «Роль библиотеки колледжа в популяризации книги и чтения среди молодежи» тақырыбында И.Н.Авдеева Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің кітапханашысы

5.Библио-кросс: «Кітапты бірге оқимыз!...» тақырыбында Р.Ж.Ескарина Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапханашысы

6.Еркін микрофон: «Жаңартылған кітапхана – жаңа мүмкіндік» тақырыбында В.Т.Боханова Әйтеке би көпсалалы колледжінің кітапханашысы

Шара соңында кітапханашылар ашық диалогтық алаңда ұсыныстарын айтып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасап, жылы лебіздері мен алғастарын білдірді. Қатысушыларға сертификаттар табысталып, сондай-ақ іс – тәжірибесімен бөліскен кітапханашыларға облыстық әдістемелік орталық басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 17 қазан күні «Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытуда педагогтің рөлі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.
      Әдістемелік семинар колледждің оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда білімалушылардың бойында құндылықтарға негізделген білімдерін жетілдіру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық ұмтылыстарын қолдау, өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау, топ ұжымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
      Семинарда облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Н.Ж.Жалғас сөз алып, ТжКББ жүйесінде оқу-тәрбие бағытының жұмысын жандандыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
      Шара барысында Ақтөбе сервис колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Умирзакова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жылдық жоспар бойынша өткізілетін шараларына талдау жасап, бағдарламаның мақсат, міндеттерін ашып, құрылымы мен ұйымдастыру кезеңін талдап өтті.
      Тәжірибелік бөлімде:
-Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары аграрлық - техникалық колледжі директорының орынбасары С.К.Тулегенова және арнайы пән оқытушысы Г.Қ.Досжан (Tedx форматында) «Шебер педагог-құндылықтарға толы сабақ;
-Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Т.Ж.Жамалов «Ұлттық құндылықтарды пән арқылы дәріптеуде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану»;
-Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Р.Р.Тобажанова «Арнайы пәнді оқытуда ұлттық құндылықтарды дарытудың маңызы» тақырыптарында шебер-класс көрсетіп іс-тәжірибелерімен бөлісті.
     Шара соңында Ақтөбе облысы білім басқармасының “JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы әдістемелік бөлімінің әдіскер психологі М.Ы.Телағысова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде тренинг өткізіп, кеңес беріліп, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. Шараға ат салысқан педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT