Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

«Мен және мені қызықтыратын мамандықтар» облыстық сырттай байқауының қорытындысы.

І орын

  1. Брянова Ажаргул Кентаевна Ақтөбе қаласы, №55 орта мектеп-гимназиясы
  2. Нурлыбекова Гулжанат Бауыржановна Ақтөбе қаласы, Смарт Білім мектеп гимназиясы
  3. Кужабаева Анаргуль Сандибаевна Алға ауданы, Есет батыр атындағы мектеп – бақшасы
  4. Асгатқызы Арайлым Қобда ауданы, Жаңаталап негізгі метеп -бөбекжайы

ІІ орын

  1. Нетуллина Айша Сагинаевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  2. Сатыбалдина Нургул Жусуппаевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  3. Ахметова Умыт Куанышевна Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  4. Жылқыбаева Арай Асқарқызы Ақтөбе қаласы, №56 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  5. Акмурзаева Алмагуль Бекболатовна Хромтау ауданы, №3 Хромтау орта мектебі
  6. Кунаева Клара Жолдасовна Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебі
  7. Тынысов Арман Нұрланұлы Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені
  8. Елеуов Алишер Шынгысович Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені
  9. Нуралина Салтанат Саламатовна Ақтөбе қаласы, М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей- интернаты
  10. Қожанова Гүлназ Тлегенқызы Шалқар ауданы, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі
  11. Жүсіпова Аяжан Жанабайқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  12. Баймукашева Анар Нигметуллиевна Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  13. Кулдрахманова Элмира Болатқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  14. Бақиева Жанна Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі

ІІІ орын

1.Избасарова Фарида Жонысовна Ақтөбе қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы

2.Байманова Әлия Ерланқызы Ақтөбе қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі

3.Смадияр Мерей Серікұлы Ақтөбе қаласы, № 10 жалпы білім беретін орта мектебі

4.Сагынова Майра Жауынбаевна Темір ауданы Кеңесту негізгі орта мектебі

5.Казиева Самал Кабидоллаевна Әйтеке би, Қарашатау  жалпы орта білім беретін мектебі

6.Халелина Аида Рауханқызы Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

7.Куракбаева Сания Борисовна Қобда ауданы, Ақырап мектеп балабақша бөбекжай кешені

8.Кудайбергенова Шара Муратовна Мұғалжар ауданы, Қайыңды жалпы білім беретін орта мектебі

9.Божыбаева Айым Кенелдиковна Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі

  1. Таңсықбаева Гүлназ Мұхиятқызы Шалқар ауданы, № 5 мектеп лицей
  2. Дармен Айнұр Боранбайқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  3. Серикова Асель Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі
  4. Юсупова Гулнар Амирханқызы Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі

Алғыс хат

  1. Узакбаева Салтанат Бекбергеновна Ақтөбе қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі
  2. Бекмагамбетова Жанат Кенжешевна Қобда ауданы, Қобда қазақ орта мектебі
  3. Тулегенова Айнұр Асқарқызы ,Ырғыз ауданы. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

Ақтөбе облысында «Дублер күні»  жалпы республикалық жобаның облыстық деңгейі бастау алды!

Мектеп оқушылары бір күнге кәсіпорын қызметкерлерінің көмекшісі болып, таңдалған мамандықтың қыр-сырын өз көзімен көріп, тәжірибе жинақтауда.

 Бұл жоба оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

- Нағыз тәжірибе — нағыз шешім!
-  Болашаққа бүгіннен қадам жаса!

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ  59 МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК БАҒЫТТАҒЫ БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР АШЫЛДЫ!

Облыс мектептерінде жұмыс берушілер және колледждермен серіктесе отырып, болашақ мамандарды даярлауға бағытталған бейіндік сыныптар іске қосылды.

Жоба аясында:
✔ Мектептер, колледждер мен кәсіпорындар арасында меморандумдар жасалды
✔ Міндетті кәсіби тәжірибе және өндірістік практика қарастырылған оқу жоспарлары дайындалды

            Бейіндік сыныптар арқылы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап нақты мамандыққа баулу, еңбек нарығына дайын маман даярлауға мүмкіндік жасау.

 

 «PARTY PROFESSION» МАМАНДЫҚТАР МЕРЕКЕСІ ӨТТІ               

         Ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында «WorldSkills Aqtobe - 2025» аймақтық чемпионатының өтуіне орай, кәсіби бағдар  «Болашаққа жолдама» жобасы аясында «Party profession» кәсіби бағдар беру ісінің заманауи әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында 9 сыныптың білім алушыларына арналған мамандықтар мерекесі өтті. Қатысушылар заманауи және  нарықтық сұранысқа ие мамандықтардың ерекшелігі туралы ақпарат алып, мамандық бойынша қызмет ету тәжірибесін колледж студенттерінің практикалық  жұмысы барысында  көрді.    

     Аталған шараға  9 сынып білім алушылары, жалпы 2500 бала қамтылды.


БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ НАВИГАТОРЫ: КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ПРАКТИКАСЫ

2025 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында «Болашақ мамандықтарының навигаторы: кәсіптік бағдарлаудың тиімді практикасы» оқыту семинары өтті.

Семинар медицина саласы бағытында мамандық таңдауға арналды. Шара барысында ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру ұйымының төрайымы Жумагалиева Айымгуль Сагитжановна «Мамандық таңдау маңызды іс»; Жоғары көпсалалы "Болашақ" колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Омарова Гульназ Орынтаевна «Жалпы тәжіребедегі мейіргер ісі»; Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Жиенгулова Дина Самигуллаевна «Бүгінгі түлек-болашақ жас маман» тақырыптарында медицина саласы бойынша колледжінде оқытылатын мамандықтарымен таныстырып, жыл өткен сайын медицина саласы дамып келе жатқанын атап өтіп, медицина мамандығының маңызын айтып өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, психолог. Педагогика ғылымдарының магистрі Байдуашова Сандигуль Базаркуловна «Мамандық таңдаудың мәні неде?» тақырыбында мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Семинар соңында медицина мамандықтары бойынша сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.
Шараға білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар жетекшілері және 9 сынып оқушылары қатысты

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында оқыту семинары өтті. Семинардың модераторы: психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, "Психология жәнепедагогика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі – М.Жубандықова мамандыққа бейіндеуде психологиялық диагностикалармен қатар, әлеуметтік тренингтердің маңыздылығына мән берді.

Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Смагулова кәсіптік бағдар бойынша облыстық жобаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Үздіксіз білім берудің негізінде жобаны жүзеге асыруда білім алушылардың мамандықты нақты таңдай білуіне жауапты мамандарға 1 кластан бастап кәсіби профилі бойынша оқу кезеңіндегі басты мақсаттарын айқындап көрсетті.

Психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, педагогика магистрі – С.Байдуашова «Перспектива» үлкен психологиялық ойынның жүргізілу ережесімен таныстырды. «Перспектива» іскерлік ойынның мақсаты – мамандықты таңдауда білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту және болашақ өмір мен кәсіпке жағымды қатынасын дамыту.

Ойын барысында білім алушылар өзіндік қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани алады. Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көреді. Қатысушылар арасындағы жағымды қарым-қатынас нығаяды;

Семинар соңында «Болашаққа жолдама» жобасын жүзеге асыруға байланысты сұрақтар қойылып, кері байланыс берілді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT