Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2025 жылдың 31 қаңтар күні «Қамқор» жобасын тиімді жүзеге асыру тәжірибесімен алмасу мақсатында облыстық онлайн семинар-практикумы өтті. Бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әзірленген жобаны дамытуға бағытталған.

Семинарға 80-ге жуық мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері және жобаға жауапты мамандар қатысты.

Іс-шара барысында аудандық және қалалық білім беру ұйымдарының өкілдері өз мектептерінде «Қамқор» жобасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Спикерлер жобаны іске асыру барысында кездескен қиындықтар, оларды шешу жолдары және қол жеткізген жетістіктері туралы айтты.

Семинарда «Қамқор» жобасының негізгі бағыттары, оның маңыздылығы және білім беру ұйымдарына енгізу тәсілдерін жан-жақты талқыланды.

Семинар-практикум «Қамқор» жобасының кеңінен танылуына және тәрбие жұмысында тиімді әдістерді қолдануға ықпал етті.

Қатысушылар жоба баланы тәрбиелеудегі оң әсерін атап өтіп, оны одан әрі дамыту қажеттілігін айтты.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT