Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 20 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл балабақша» облыстық жобасы аясында Қобда ауданы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл орта-жарқын болашақ: Ерте жастан табиғатты сүюге тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Шара балалардың табиғатпен үйлесімді өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сақтау және оған қамқорлық жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға «Жасыл балабақша» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отырған балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды.     

 «Жасыл балабақша» жобасы аясында балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстардың  бағыттары туралы әдіскер З.Б.Карасаева атап өтті.  

Семинар барысында тәрбиешілер «Табиғаттан нәр аламыз», «Жасыл зертхана», «Табиғаттың ғажайып әлемі», «Эко балабақша: кішкентай қадам – үлкен өзгеріс», «ЖИ меңгеруді үйренейік», «Қайта өңдеу – ғажайып өзгеріс», «Табиғат сыйы: дәруменге бай шөп шайлары», «Бір дәннен – бір өмір тіршілігі»  тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер балалармен жүргізілген тәжірибелік жұмыстарды көрсетіп, табиғатты бақылау, өсімдік егу, күтіп-баптау, қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын таныстырды. Ұсынылған жұмыстар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Семинар соңында қатысушылар экологиялық тәрбиені ерте жастан қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтіп, тәжірибе алмасудың тиімділігін жоғары бағалады.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT