Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 23 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында  Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында «Жасанды интеллект және білім: мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мүмкіндіктер» тақырыбында семинар-практикум өтті. 

Семинар мектепке дейінгі педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және жасанды интеллектті тәжірибеде тиімді қолдану мақсатында ұйымдастырылды. Шараға балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері қатысып, қазіргі білім беру саласындағы инновациялық бағыттармен, заманауи технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерімен танысты.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жоба жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.  

Балабақша меңгерушісі К.С.Медеуова «Балабақшадағы жасанды интеллект: жаңа тәсілдер» тақырыбында балабақшада цифрлық технологияларды тиімді қолданудың өзекті бағыттарын атап айтты.

 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының педагогтері «Заманауи әдіскердің кәсіби мүмкіндіктері», «Білім беру үдерісінде ЖИ арқылы циклограмма жасау», «Искусственный интеллект как помощник воспитателя в развитии дошкольников», «Цифрлық құралдарды қолданып мультфильм жасау арқылы баланы дамыту», «Балабақшада білім беруді цифрландыру: платформалар   тәжірибесі», «Ойна да ойлан: Танымға бастар жол», «Botley роботпен бағдарламалау негіздері», «Жасанды интеллект арқылы балаларға арналған әндерді шығару және қолдану» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтер іс-шара барысында заманауи цифрлық технологиялар мен робототехника саласындағы тәжірибелерін көрсетіп, зияткерлік және танымдық тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша практикалық жұмыстарын көрсетті. Жүргізілген жұмыстар балалардың қызығушылығын оятуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Семинар соңында білім беру процесінде цифрлық әдістерді жүйелі түрде қолданудың маңызы ерекше көрсетілді. Мектепке дейінгі ұйымда заманауи технологияларды пайдалану балалардың танымдық белсенділігін арттырып, педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT