Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

  2026 жылғы 9 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «IT-балабақша» облыстық жобасы аясында  Хромтау  ауданы № 7 «Еркетай»  бөбекжай – балабақшасында «Кішкентай IT қадамдар – үлкен болашақ»  тақырыбында семинар өтті.  

Семинар тәрбиешілердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін қалыптастыру, оларды іс-әрекет үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, педагог жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жоба жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.  

Балабақша меңгерушісі М.Т.Алдрапекова «IT-балабақша» пилоттық жобасының балабақшада жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығы туралы баяндады.

№7 «Еркетай» бөбекжай-балабақшасының педагогтері «IT-балабақша: болашаққа бастау», «Балабақшада STEM зерттеу жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесі»,  «Кішкентай    инженерлер   әлемі», «Музыка + IT: цифрлық технология арқылы шығармашылықты дамыту», «Голограмма арқылы ертегі әлеміне саяхат: балалармен тәжірибелік жұмыс», «Көріп–сезіп–үйрен: VR көзілдірігімен ұйымдастырылған іс-әрекеті», «Балабақшада жасанды интеллект арқылы мультфильмде құрастыру: балалармен жұмыс тәжірибесі», «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің медиа сауаттылығы:цифрлық ортадағы кәсіби қызметі», «Кішкентай қадамдар арқылы цифрлық сауаттылықты дамыту» тақырыптарында заманауи тәжірибелерімен бөлісіп, мультимедиялық және цифрлық ресурстарды қолдану үлгілерін көрсетті.                                                                              

Сонымен қатар инженерлік-зерттеу бағытындағы жұмыстар мен балалардың құрастыру, модельдеу, тәжірибе жасау дағдыларын дамытуға арналған іс-әрекеттерін ұсынды.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT