Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

2026 жылғы 11 ақпан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының директор орынбасарларына арналған «Кәсіби өсу жолы: директор орынбасарларын аттестаттау талаптары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты – басқару кадрларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, аттестаттау талаптары мен тәртібін түсіндіру, сондай-ақ аттестаттау үдерісінде цифрлық платформаларды тиімді қолдану тәжірибесін қалыптастыру.
Шара барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.Машимбаева «Басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі мен негізгі талаптары» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығына сәйкес аттестаттаудың кезеңдері, ПББ-дан өту талаптары, эссе жазу тәртібі, портфолио рәсімдеу ерекшеліктері мен комиссия шешімін шығару алгоритмін түсіндірді.
Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Турмаганбетова «Кәсіби жетістікке жету жолындағы басшы орынбасарының тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйлеп, басқарушылық қызметтегі кәсіби даму траекториясы, стратегиялық жоспарлау тетіктері, білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар бойынша жеке тәжірибесімен бөлісті.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары М.Туленгалиева «Цифрлық платформа арқылы ПББ тестілеуге дайындықтың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық платформалардың мүмкіндіктері, тестілеуге дайындық алгоритмі, жиі кездесетін қателіктер және онлайн ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын таныстырды.
Семинар барысында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің әдіскері Ғ.Ахметжанова «Көшбасшы айнасы» сергіту сәтін ұйымдастырып, басқару дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті жаттығулар өткізді.
Шара ашық микрофон форматында жалғасып, қатысушылар аттестаттау рәсімі, ПББ тестілеу ерекшеліктері, біліктілік санатын беру шарттары мен портфолио рәсімдеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Семинар-практикум басқару кадрларының кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуға арналған тиімді диалог алаңына айналды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT