Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Жобаның мақсаты: Оқу бағдарламаларына ЖИ-ді кіріктіру арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, оқыту сапасын жақсарту және педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Жоба мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің концептуалдық тәсілдері мен 2025-2026 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа алып құрылды.

Пилоттық жобаны іске асыруға 20 мектептің 1147 негізгі пән мұғалімдері, 7-11 кластың 15939 оқушысы қатысады.

Жобаға қатысушы мұғалімдер: 

  • ЖИ құралдарын тиімді пайдалана отырып, сабақты қызықты әрі заманауи форматта өткізеді;
  • Оқушылардың білім алу қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тапсырмалар, визуалды материалдар мен адаптивті оқыту жүйелерін қолданады;
  • ЖИ көмегімен оқушылардың жеке оқу траекториясын ескеріп, сараланған тапсырмалар ұсынады;
  • Сабақтан кейін ЖИ арқылы алынған деректер негізінде оқушылардың жетістіктерін талдайды және кері байланыс береді.

Жобаны іске асыру мерзімдері:

I кезең (дайындық) – пилоттық ұйымдарды іріктеу, ұйымдастыру жұмыстары; (желтоқсан 2025)

II кезең (енгізу және апробация) –пән мұғалімдеріне семинар ұйымдастыру, ЖИ элементтерін оқу және басқару үдерісіне енгізу, мониторинг жүргізу; (қаңтар-қараша 2026)

III кезең (талдау және тарату) – нәтижелерді бағалау, үздік тәжірибені жинақтау және тарату (желтоқсан 2026).

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT