Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 6 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы №13 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасында «Ұстаз платформасын жүйелі толтыруға үздіксіз әдістемелік қолдау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

 

Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, «Ұстаз» ұлттық платформасын сапалы әрі жүйелі толтыру жолдарын түсіндіру және аттестаттау талаптарына сай цифрлық портфолио жүргізуге әдістемелік бағыт беру.
         Шараға облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, педагогтері және платформаға жауапты мамандар онлайн және офлайн форматта қатысты.
         Семинар барысында педагогтердің кәсіби жетістіктерін тіркеу, құжаттарды жүктеу талаптары мен аттестаттауға дайындық кезеңдері талқыланды.
         Қатысушыларға практикалық ұсыныстар беріліп, жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары түсіндірілді.
         Балабақша педагогтері «Ұстаз» платформасын тиімді пайдалану бағытында мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, платформаны басқару, бақылау, деректерді енгізу және білім сапасын бағалау мәселелері қамтылды. Семинар аясында іс-тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, педагогтердің шығармашылық-ізденіс жұмыстары таныстырылды. Семинар педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттырып, әдістемелік қолдаудың тиімді үлгілерін таратуға мүмкіндік берді.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2026 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT