Қаңтар айының 29-30 күндері Алға ауданының білім беру ұйымдарында облыстық «5Б» жобасы аясында жоспарлы әдістемелік зерделеу және қолдау жұмыстары жүзеге асырылды.
А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі, Бесқоспа орта мектебінде, Болгар мектеп-бақшасы, Жерұйық негізгі мектебі,Қарабұлақ мектеп-балабақшасы, Көктоғай негізгі мектебі,Маржанбұлақ орта мектебі, Тоқмансай орта мектебі жадынамаға сәйкес зерделеу және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Алға ауданына 8 мектеп бойынша 38 педагог зерттеу жүргізді. Жалпы 101 педагогтің 143 сабағына қатысты.
Жұмыс барысында мектептегі оқу процесін ұйымдастыру, сабақтардың өту сапасы, педагогтердің кәсіби қызметі, мектепішілік бақылау жүйесі мен тәрбие жұмыстары жан-жақты талданды.
Сабақтарға қатысу және құжаттарды зерделеу кезінде педагогтерге оқу мақсаттарын нақтылау, сабақ құрылымын тиімді жоспарлау, бағалау мен кері байланысты жүйелі ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Анықталған мәселелер бойынша ұжыммен бірлескен әдістемелік семинар өткізіліп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Тәрбие бағыты бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, профилактикалық жұмыстар мен ата-аналармен өзара байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта жұмыстарды жүйелеу және құжаттаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды.
Зерделеу қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға оқу-тәрбие үдерісін одан әрі жетілдіру, мектепішілік бақылауды күшейту, электронды құжаттаманы талапқа сай жүргізу және тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында нақты ұсынымдар берілді.
Аталған зерделеу жұмыстары білім беру ұйымының даму бағытын айқындап, алдағы уақытта сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған жұмыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

