2026 жылғы 22 қаңтар күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби дамуы: тәжірибеден – нәтижеге» тақырыбында облыстық семинар – практикум өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/289-oblastnoj-seminar-praktikum-t-rbie-s-zh-n-ndeg-orynbasarlardy-k-s-bi-damuy-t-zh-ribeden-n-tizhege#sigFreeId4f0f9852f5
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/289-oblastnoj-seminar-praktikum-t-rbie-s-zh-n-ndeg-orynbasarlardy-k-s-bi-damuy-t-zh-ribeden-n-tizhege#sigFreeId4f0f9852f5
Сонымен қатар, орталық әдіскері мен ТжКББ ұйымдарының тәрбие жұмысын үйлестіруші мамандар:
- орталық әдіскері Б.Нурмолдина «Тәлімгерлік – тәрбие жұмысының сапасын арттыру құралы»;
Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Тулегенова «Тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері»;
-Ақтөбе автожол колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Махамбетова «Студенттер арасында құқықтық тәртіп пен тәрбие мәдениетін дамыту»;
-Хромтау тау - кен техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Көрпебаева «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы тәрбие тәжірибесі» тақырыптарында шебер-класс, еркін микрофон ұйымдастырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық диалогтық алаңда қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, білім алушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған жұмыстарды жүйелеу жолдары ұсынылды.

