Оқушылардың оқу және коммуникативтік құзыреттілігінің дамуына қызығушылық танытатын педагогтерді біріктірген «Функционалдық сауаттылық – түсіну, ойлау және қарым-қатынастың кілті» атты облыстық шығармашылық шеберхананың II отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/kz/n-v-sti/288-funktsionaldy-sauattyly-t-s-nu-ojlau-zh-ne-arym-atynasty-k-lt#sigFreeId636c275cfd
Кездесудің негізгі мақсаты – мәтіннің оқу сауаттылығын қалыптастырудағы жетекші рөлін жан-жақты талдау. Қатысушылар мәтінді талдау, интерпретациялау және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға үйретудің заманауи, тиімді әдістемелерімен танысты.
Шеберхана жетекшісі қатысушылар назарына мәтінді түсінуден саналы қарым-қатынас пен шығармашылық ойлауға дейінгі дағдыларды жүйелі қалыптастыруға бағытталған құзыреттілікті дамыту модулін ұсынды.
Практикалық бөлім шеберхана мүшелері – тәжірибелі педагогтердің іс-тәжірибелерін таныстыру алаңына айналды.
Атап айтқанда:
Абдуллина Гульзира Есеновна (Ақтөбе қаласы, М. Әлімбаев атындағы №25 орта мектебі) көркем мәтінді терең талдауға арналған «Тәсілдер конструкторы» әдісін таныстырды.
Жисува Эльмира Сарбалаевна (И. Білтабаев атындағы орта мектебі) Оқуды белсенді ойлау әрекетіне айналдыру жолдарын көрсетті.

