Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Allianz компаниясы жаңартылған Жаһандық зейнетақы есебін жариялап, онда Қазақстан 71 елдің ішінде 26-орынды иеленді. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (34-орын, 75 елдің ішінде) айтарлықтай жақсару болып табылады. Қазақстан Австрия, Испания, Чили, Сингапур, Гонконг және Қытайды басып озды.

Allianz зейнетақы индексі (API) рейтингі зейнетақы жүйелерінің тұтастығымен мен жеткіліктілігін үш суб-индекс бойынша бағалайды. Қазақстанның жалпы көрсеткіші – 3,5 балл:

  • Демографиялық өзгерістер, мемлекеттік қарыз және өмір сүру деңгейі – 4,1 балл (2023 жылы – 3,5).
  • Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – 3,6 балл (өзгеріссіз).
  • Зейнетақы жүйесінің жеткіліктілігі – 3,2 балл (2023 жылы – 3,3).

Барлық елдер бойынша орташа көрсеткіш 3,7 баллды құрады. Рейтингтің көшбасшысы Дания болып қала береді (2,3 балл), одан кейін Нидерланды мен Швеция (2,6 балл), Жапония (2,7 балл), Жаңа Зеландия (2,8 балл), Израиль (3 балл).

Рейтингтің соңғы орындарында Марокко, Үндістан, Лаос, Малайзия және Шри-Ланка орналасқан (4,5-5 балл аралығында). Бұл елдерде зейнетақы жүйесімен қамтылу деңгейі төмен, себебі бейресми жұмыспен қамту жоғары үлеске ие.

Баяндамада халықтың қартаю мәселесіне ерекше назар аударылады: БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай 65 жастан асқан адамдардың саны екі есе өсіп, 857 миллионнан 1,578 миллиардқа жетеді. Демографиялық жүктеме коэффициенті 16-дан 26 адамға дейін артады (100 еңбекке жарамды азаматқа шаққанда). Халық қартаюының ең жоғары қарқыны Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Сауд Арабиясында байқалады.

Сарапшылар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жинақтаушы компонентті дамыту қажет екенін атап өтеді. Мемлекеттік бөлу және жеке жинақтаушы жүйелерді үйлестіретін теңгерімді модель демографиялық өзгерістердің әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Зейнетақының орташа кірісті алмастыру коэффициенті (КАК) зерттелген елдер бойынша 53% құрайды, ал Қазақстанда – 41%.

Allianz есебі зейнетақы жүйесін тұрақтылық пен жеткіліктілік арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып реформалау, жинақтаушы тетіктерді дамыту және еңбек нарықтарын демографиялық өзгерістерге бейімдеу қажеттігін ерекше атап көрсетеді.

 

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT