Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 26 қаңтарда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Тарих сабақтарында видеороликтер жасау және ресурстарға қойылатын талаптар» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе қаласы №60 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпазы Тобылбаев Еркин Темиржанович «Тарих сабағында қолданылатын тапсырмалар мен ресурстарға қойылатын талаптар» туралы баяндама жасады. Ал практикалық бөлімде  Қарғалы ауданы, В.Пацаев ат.орта мектептің тарих пәні мұғалімі Нуртанов Кайсар Бердигалиевич «Видеороликтер жасау әдістемесі және оның монетизациясы» тақырыбында және Тобылбаев Еркин Темиржанович «Тарихи концептілер  негізінде оқытудың  күтілетін нәтижелеріне сай құрастырылған видеороликтерді қолдану тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тарихи концептілер негізінде оқытудың күтілетін нәтижелеріне сай бейнероликтерді қолдану бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатын көздеген семинар өз деңгейінде өтті.  

FaLang translation system by Faboba

 

 

Хабарландыру

Нургалиева Жанилсин Достангалиевна

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры

толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік-с
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс-тәжі
23.04.2024
Облыстық, республикалық жобалар
19.04.2024

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1