Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік-семинар өтті.

Семинар мақсаты – ТжКББ ұйымдары кітапханашыларының шығармашылық белсенділігін, ақпараттық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты кеңінен насихаттау, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін дамыту және қолдау көрсету.        

Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Ж.Скакова сөз алып, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үшін теорияны практикамен байланыстыруда кітапханашыларға әдістемелік көмек көрсету, кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау үшін ұйымдастырылып отырған семинар қатысушыларына еңбек жолында сәттілік, тың жаңалықтар мен жаңаша ойлардың туындауына шығармашылық шабыт тіледі.

          Шара барысында орталық әдіскері мен тәжірибелі кітапханашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

1. «ТжКББ ұйымдарында кітапхана жұмысының жүйелі және мақсатты жүргізілуі» тақырыбында Б.Ж.Нурмолдина, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ТжКББ беру бөлімінің әдіскері, п.ғ.м.

2. «Инновациялық даму жолындағы жобалар мен кітапхана» тақырыбында А.Көшербайқызы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

3. (Tedx форматында): Әдеби лото: «Қазыналы құндылық кітапта» тақырыбында С.Е.Бермукашева, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапханашысы және К.Б.Жексембаева, Ойыл кәсіптік колледжінің кітапханашысы.

4. Шебер – класс: «Роль библиотеки колледжа в популяризации книги и чтения среди молодежи» тақырыбында И.Н.Авдеева, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің кітапханашысы.

5. Библио-кросс: «Кітапты бірге оқимыз!...» тақырыбында Р.Ж.Ескарина, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапханашысы.

6. Еркін микрофон: «Жаңартылған кітапхана – жаңа мүмкіндік» тақырыбында В.Т.Боханова, Әйтеке би көпсалалы колледжінің кітапханашысы.

Шара соңында кітапханашылар ашық диалогтық алаңда ұсыныстарын айтып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасап, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді. Қатысушылар сертификаттармен, сондай-ақ іс-тәжірибесімен бөліскен кітапханашылар облыстық әдістемелік орталық басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1