Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 15 желтоқсанда Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектеп базасында облыстық тарих пәні ассоциациясының жоспары аясында «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» атты облыстық семинар өтті. Шарада №35 орта мектептің тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі Бейскалиева Нұрслу Айтжанқызы қалалық деңгейде апробациядан өтіп жатқан «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, Padlet онлайн тақтасында онлайн/оффлайн форматта оқушылармен ашық сабақ өткізді. Семинардың екінші бөлімінде №22 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бекбосынова Бопеш Маратовна  «Тәуелсіздіктің тұғырлы болған тұлғалары» тақырыбында сабағын 11-сынып оқушыларымен көрсетті.

 

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері

FaLang translation system by Faboba

 

 

Хабарландыру

Нургалиева Жанилсин Достангалиевна

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры

толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай 2024 жылғы 18 наурыз – 18 сәуір күндері ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Білім
26.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 26 сәуір күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында, мектепке дейінгі жастағы балалард
26.04.2024
Мұғалім – заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытудың озық технологиялары мен жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ж
26.04.2024

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1