Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 26 сәуір күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында балабақша тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар болып өтті.

Семинарды орталық әдіскері А.А.Искендирова алғы сөз сөйлеп, іс-тәжірибе таратушы әріптестеріне сәттілік тілеп ашып берді.

Семинар барысында: 

- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» (А.С.Туретова, Мұғалжар ауданы «Самал» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі); 

- «Өнегелі отбасы» (А.Б.Өмірзақова, Мұғалжар ауданы «Самал» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі); 

- «Ою-өрнектер сыры» (А.Т.Куанышбекова, Мұғалжар ауданы «Самал» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі); 

- «Мектеп жасына дейінгі балалардың "Алтын сақа" ойыны арқылы математикалық дағдысын арттыру» (Г.Н.Қожамұратова, Мұғалжар ауданы «Достық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі); 

- «Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындар арқылы қозғалыс белсенділігін арттыру» (А.Қ.Нұрмағанбетова, Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының әдіскері); 

- «Мектепке дейінгі жастағы балаларды өз халқының мәдени құндылықтары арқылы тәрбиелеу» (Ж.А.Курманова, Мұғалжар ауданы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі) тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған шараға бөбекжай-балабақша тәрбиешілері қатысып, оң пікірлерін білдіріп, кері байланыс орнатылып, семинар мақсатына жетті.

 

 

Орындаған: А.Искендирова, АОӘО бөлім әдіскері

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1