2021 жылдың 11-қаңтары күні бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған ассоциация отырысы «Білім беру процесінің мониторингі педагогтің аналитикалық құзыреттілігін дамытудың шарты ретінде» тақырыбында zoom платформасы арқылы өткізілді.

Ассоциация отырысының кіріспе бөлімінде облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева білім беру процесіндегі табысты нәтижелер мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне байланысты екеніне тоқталды.

 Отырыс барысында ассоциация лидері Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Т.В.Михайлова мен Ақтөбе қаласы №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ж.М.Жарылғасова мұғалімдердің кәсіби деңгейі және олардың білім алу қажеттіліктері бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

Облыстың бастауыш сынып мұғалімдеріне жүргізілген зерттеу барысында сабақтың белсенді формалары мен әдістері, сабақтың мақсаты мен тиімділігі, сондай-ақ сабақта ақпараттық технологияларды қолдану өзекті мәселелердің бірі екені анықталды.

Сонымен бірге, Ж.М.Жарылгасова тыңдаушыларға қысқа мерзімді сабақ жоспарын дұрыс құру үлгісімен жан-жақты таныстырып, Блум таксономиясы, бағалау, саралау, рефлексия ұғымдарына теориялық мағлұматтар берумен қатар, өз іс-тәжірибесімен байланыстырды. Бұл тәжірибе тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, олардың тарапынан алғыс сөздер айтылды.

FaLang translation system by Faboba

 

 

Хабарландыру

Нургалиева Жанилсин Достангалиевна

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры

толығырақ

Соңғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылға арналған бірлескен жоспар негізінде
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 24 сәуір күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында әдістемелік-с
24.04.2024
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында облыстық мамандандырылған лицей-интернат психологтарының іс-тәжі
23.04.2024
Облыстық, республикалық жобалар
19.04.2024

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1