Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

    Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шалқар ауданы, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар саз мектебінің баян класының оқытушысы, педагог-шебер Үмбетова Гүлбану  Галлимуллақызы-ның озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Баян аспабын үйретудің әдістері мен оқушының орындаушылық шеберлігін қалыптастыру» тақырыбындағы шебер-класс  өткізілді.

   Шара барысында  Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Нарегееваның алғы сөзімен ашылды.

    Сонымен қатар  Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі баян класының оқытушысы, педагог-шебер Үмбетова Гүлбану Галимуллақызы «Аспапта орындап үйрену алғашқы сатылары», Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің  ұстазы, Қазақстан музыка қайраткерлер одағының мүшесі, Роза Бағланова атындағы «Қазақ концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртісі, Халықаралық баян-аккордеон конфедерациясының мүшесі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Самғар Толқынхан  «Баянға арналған заманауи шығармаларды орындау тәсілдері», А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің баян класының оқытушысы, педагог-сарапшы, шәкірті Абишова Акгуль Муратовна «Саусақты дұрыс қою әдісінің маңыздылығы», А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің баян класының оқытушысы, шәкірті Елубай Әсет Елеусізұлы «Ұжымдық сабақтың оқыту тиімділігі» тақырыбындағы шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

    Шара соңында қортындыланып, қатысушылар ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT