Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «3 D модельдеу және анимация» атты облыстық семинар өтті. Онлайн тәртібінде өткен семинарға 30-ға жуық информатика пәні мұғалімдері қатысты. Бұл семинар қатысушылардың цифрлық модельдеу саласындағы білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  Орталықтың бөлім  меңгерушісі Жаншуақ Нұрлыбайұлы 3D модельдеу ұғымы, оның техникалық мүмкіндіктері, бағдарламалық құралдары және практикалық қолдану жолдары бойынша жан-жақты түсіндірді.

Ознакомьтесь и информацией в интернете:
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/259-3-d-model-deu-zh-ne-animatsiya#sigFreeIdd8067b4bdc

Семинар бағдарламасына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Байдрахманова Гульназ Абилбахитовна қазіргі білім беру жүйесінде болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда 3D-графика элементтерін қолдану,  3D-графика бойынша тапсырмалар жүйесі мұғалімнің теориялық білімін тереңдетуге, кеңістіктік ойлауын дамытуға және кәсіби цифрлық құзыреттерін қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, теориялық және практикалық жұмыстарын көрсетті.  

Семинар барысында Ақтөбе қаласының Ә.Кекілбайұлы атындағы №72 ІТ мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі, п.ғ.м «Blender бағдарламасында 3D модельдеу: қадамдап үйрену» туралы базалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында Blender интерфейсі, негізгі құралдар, модель құрастыру әдістері және объектілермен жұмыс істеу процестері кезең-кезеңімен түсіндіріп берді.

Қазіргі таңда ашық кодты жасанды интеллект платформалары мен кітапханалар AI жобаларын әзірлеуде басты құралдардың біріне айналды. «Ашық кодты жасанды интеллект құралдары» (TensorFlow, PyTorch, Keras, OpenAI API) бойынша Aqbobek International School мектебінің информатика пәні мұғалімі Жанекешова Асемгул Андреевна нейрондық желілерді құруға арналған ең танымал және қолжетімді құралдармен таныстырды.

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мусит Амандық Қасенғалиұлы 3D модельдеу технологиялары және олардың болашақ инженерия саласындағы маңызы туралы құнды мәліметтерімен бөлісті. Өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі инженерлік жобалау процестерінде 3D модельдеудің рөлі мен тиімділігін жан-жақты түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Семинар қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе болып, олардың цифрлық дағдыларын дамытуға, жаңа технологияларды оқу-тәрбие процесіне енгізуге үлкен серпін берді. Қатысушылар 3D модельдеудің болашағы зор, сұранысы жоғары сала екенін түсініп, алдағы жобаларда қолдануға ынтасын білдіріп, алғыстарын айтты.

Шара соңында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT