Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Директордың тәрбие жұмысы бойынша үздік орынбасары – 2024» облыстық байқауы өтті.
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/148-direktordy-t-rbie-zh-mysy-bojynsha-zd-k-orynbasary-2024-oblysty-baj-auy#sigFreeIdfbd38edbe4
Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде тәрбие үдерісін жүзеге асыру, тәрбие орынбасарларының кәсіби біліктілік деңгейлерін көтеру және шығармашылық шеберліктерін арттыру.
Байқауға аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанған 11 қатысушы «Мен – мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарымын» тақырыбында презентация, жоба қорғау және педагогикалық жағдаяттарды шешу кезеңдері бойынша өзара бақ сынады.
Байқауға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мамандары әділқазылық етіп, жеңімпазды анықтады.
Байқау нәтижесінде:
1 дәрежелі диплом
Мырзалы Жанат Мухитқызы (Ақтөбе қаласы, «№8 орта мектебі» КММ)
Жаманбай Есімхан Мырзабайұлы – (Байғанин ауданы «Байғанин орта мектебі» КММ)
2 дәрежелі диплом
Агисова Айнур Темирлановна (Ақтөбе қаласы, «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)
Жиеналина Айнур Кажигалиевна (Шалқар ауданы «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Аққази Гүлнара Амангелдіқызы (Ырғыз ауданы «Т.Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)
3 дәрежелі диплом
Жангабулова Тамара Сериковна (Әйтеке би ауданы «Тереңсай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Теміржанова Алтынай Асанқызы (Ойыл ауданы «Соркөл орта мектебі» КММ)
Тасмаганбетов Сериккали Оразгалиевич (Қобда ауданы, «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі» КММ)
АЛҒЫС ХАТ
Инновациялық әдіс – тәсілдерді тиімді қолданушы номинациясы:
Битурина Дина Дуйсеналовна (Мәртөк ауданы «Вознесеновка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
Оқушылармен тәрбие жұмысында үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін номинациясы:
Турлыбаева Гульшат Шинаровна (Алға ауданы «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ)
Ұлттық құндылықтарды үздік насихаттаушы номинациясы:
Идрисова Жанар Карабалевна (Мұғалжар ауданы, «Құмжарған жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)
Жеңімпаз әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отыра, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбек жолдарына сәттілік тілейміз!