https://bilimaktobe.kz/ru/profilaktika-bullinga#sigFreeId9a398cdec6
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің мәдениет лекторы, қоғам қайраткері Таганов Еркебулат Серикович аудан, қала білім беру мекемелерінің басшыларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларымен, сыбайлас жемқорлық түрлерімен таныстырып, академиялық адалдықты сақтаудың, парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
https://bilimaktobe.kz/ru/profilaktika-bullinga#sigFreeIdaaf1f71e5b
Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі
Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні «Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын- алу жұмыстарын жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру. Алғы сөз Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Скакова Жеміс Бердигалиевна жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың Ақтөбе облысы бойынша санының артуы жөнінде сөз қозғады. Ол статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқық бұзушылық фактілерінің көбейіп келе жатқанын атап өтті.
Шара барысында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қойшыбаев Манарбек Әзбергенұлы «Ақтөбе облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуы» тақырыбында баяндама жасады. Ол құқық бұзушылықтың негізгі түрлеріне, себептеріне және алдын алу шараларына тоқталып, құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.
Ақтөбе қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектептің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сисенова Замира Максутовна «Мектепішілік бақылау — тәрбие үдерісін тиімді басқарудың негізі» тақырыбында сөз сөйлеп, мектепішілік тәрбие жұмысының құрылымы, бақылау тетіктері және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар туралы тәжірибесімен бөлісті.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскер педагог-психологы Телағысова Ментай Ырзабайқы «Буллингтің алдын алу: тәрбие және психологиялық қызметтің ықпалдастығы» тақырыбында баяндама жасап, буллингтің психологиялық салдарлары мен оны болдырмау үшін мектеп пен психологтардың тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттілігін атап көрсетті.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Смагулова Алия Темиргалиевна «Балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тәрбиелеу субъектілерінің серіктестігі» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие жұмысын жүзеге асыруда мектеп, отбасы және қоғам арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісін ұсынды.
https://bilimaktobe.kz/ru/profilaktika-bullinga#sigFreeId781144b680
Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушыларына «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттары өтті