Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 26 ақпан күні ТжКББ ұйымдарының 120-дан астам директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, жастар ісі жөніндегі комитет төраға/төрайымдары, топ куратор және студенттік кеңес жетекшілерімен «Жарқын болашақ» жобасы аясында «Ерте жүктіліктің және студенттердің репродуктивті денсаулығының алдын алу» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстел өтті.
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/99-tzhkbb-jymdaryny-t-rbie-ba-yty-bojynsha-oblysty-d-gelek-stel-2#sigFreeId16600f1404
Әдістемелік орталық директорының орынбасары Д.Халетова сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, шара аясында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, дөңгелек үстел қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық университетінің жедел шұғыл медициналық көмек кафедрасының жетекшісі PhD, доцент дәрігер, озық тәжірибелі акушер гинеколог А.Донаева жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуда медицина қызметкерінің рөлінің және колледждермен бірлескен жұмыс барысының маңыздылығы тоқталып өтті.
Тәжірибелік бөлімде Кеңес Одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие орынбасары мен арнайы пән оқытушылары Tedx форматында жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алу бойынша шебер-клас көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, облыстық «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскер психологі Г.Сатығалиева қатысушылармен фасилитация кезеңінде қатысушылар қойған сұрақтарымен пікірлеріне тұщымды ақпарат алып, өзара пікір алмасты.