Ағымдағы жылдың 17 – 21 ақпан аралығында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасы бойынша «Startup» байқаулары аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында өткізілді.
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/93-startup-konkursy#sigFreeIde55a85797e
Мақсаты: жас өнертапқыш оқушылардың креативті дағдыларын дамыту және олардың инновациялық ойлау қабілеттерін жетілдіру, жаңа бастамалар мен технологиялық шешімдерді ынталандыра отырып, стартап-жобаларын іске асыруға мүмкіндік беру.
Бұл байқау жас дарындарға өз идеяларын дамытуға және болашақта табысты кәсіпкер болуға көмектеседі. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, топта жұмыс істеу, көшбасшылық және шешім қабылдау дағдыларын үйретуге бағытталған.