Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Дәстүрге жол» залында «Ұлттық қолөнер–ұлттық құндылықтар» шығармашылық шеберхананың кезекті отырысы және қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет топтарының, бейнелеу және көркем еңбек бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбындағы облыстық ворк-шоп өткізілді.

    Шара барысында Шукранова Гульмира Айдынгалиевна, Казанғап атындағы балалар өнер мектебінің психологі, педагог-зеттеуші  «Жақсы көңіл-күй - жан тыныштығы» психологиялық тренинг, Таженова Ләйла Мырзалиевна, Ақтөбе қаласы, Қалалық көркемсурет лицейі, қосымша білім беру  педагогі, Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі,Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі  «Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі - ши тоқу әдісі», Балмурзиева Айман Кайсаевна, Қобда ауданы Қобда аудандық оқушылар Сарайы қосымша білім беру педагогі «Бисерден сәндік бұйымдар жасау жолында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері», Курманова Нургул Мухамбетжановна, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-нің  қосымша білім беру педагогі «Моншақты браслет», Айтбаева Айгуль Абдулкаримовна,Алға қаласы «Жастық жігер» аула клубының қолөнер үйірмесінің жетекшісі  «Кимешек тігу әдісі», Балмуратова Райгуль Косакбаевна, Ақтөбе қаласы, «Шаңырақ аула клубы» МКҚК «Шолпы» қолөнер үйірмесінің жетекшісі «Моншақпен ұлттық ою - өрнекті сумка тоқу технологиясы» тақырыбында  шебер-кластарда теориялық және практикалық бағытта әдіс-тәсілдерді көрсетіп, шығармашылық шеберхана мүшелері  өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

       Шара соңында   қортындыланып, шеберхана мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тындалып, кері байланыс жасалды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT