2025 жылғы 26 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында клуб, үйірме, спорттық секцияларды басқару және ұйымдастыру принциптері» тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.
Шара барысында А.Кулкаева Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «ТжКББ ұйымдарында қолайлы тәрбие ортасын енгізуді ұйымдастыру» тақырыбында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемелік бағытына тоқталды.
Тәжірибелік бөлімде ТжКББ ұйымдарының тәжірибелі педагогтері мен тәрбие жұмысын үйлестіруші мамандар:
- Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі С.Бермукашева «100 кітап » жобасы: Белсенді оқу-тиімді тәжірибе»;
-Tedx форматында: дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Т.Карашулаков, Ақтөбе гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы М.Исаев «Колледжде дене тәрбиесін ұйымдастыру: сабақ пен спорттық секциялардың бірлескен стратегиялары»;
- Tedx форматында: «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жетекшілері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінен Н.Канафин, Жайсаң көпсалалы колледжінен Р.Мерзин «Жастардың отансүйгіштік рухы мен әскери даярлығын арттырудағы «Алғашқы әскери дайындық» пәні мен «Жас сарбаз» клубының бірлескен жұмысы»;
-Хромтау тау -кен техникалық жоғары колледжінің топ кураторлар кеңесінің төрайымы В.Бегентаева «Тәрбиедегі дәстүрлі қарым-қатынас - колледждің жүйелі құралы»;
-Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Ә.Ұлықпанова «Музыкалық ритм - білім алушының қиялын дамытудың қарапайым құралы» тақырыптарында шебер-класс, еркін микрофон, кейс – стади, life-коучинг, workshop ұйымдастырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге орталық басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

