Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» облыстық Тамыз Конференциясы аясында «Әдістемелік сүйемелдеу: мәселелер, тәжірибе мен нәтиже» тақырыбында панельдік секция жұмысы өтті.

Отырыс жұмысына 50-ге жуық аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлер офлайн форматта, ал 100-ге жуық әдіскер онлайн қатысып, педагогикалық және әдістемелік қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Панельдік секцияның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жоғарылату үшін білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді үйлестіру жолдарын анықтау, әдіскерлердің координациялық қызметін жетілдіру және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған қолдау механизмдерін енгізу тәжірибесімен таныстыру болды.

Шара Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Нұрлыгүл Жалғастың алғы сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде педагогикалық қарым-қатынас пен кәсіби этиканың маңыздылығын атап өтіп, әдістемелік жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігі мен қажеттілігіне тоқталды.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Светлана Жубаева педагогикалық процесті тиімді басқару және әдістемелік орталықтардың осы процестегі рөлін түсіндірді. Ол педагогикалық қызметтің заманауи талаптарына жауап беру үшін әдістемелік орталықтардың жұмысын қалай ұйымдастыру керек екенін айтты. Осы бағытта секция барысында түрлі мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Отырыс барысында Ақтөбе қалалық білім бөлімі «BILIM QAZYNA» әдістемелік кабинет директоры Ақманар Сулейменова әдістемелік қызметтің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін жолдарын көрсетіп, педагогтердің кәсіби дамуына көмек көрсету үшін ұсынылатын әдістемелік қолдаудың түрлерін талқылады. Алға аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Данагүл Койшегулова әдістемелік кабинеттердің педагог кәсібилігін дамытудың тірек нүктесі ретіндегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, әдістемелік кабинеттер мұғалімдердің үздіксіз білім алуына ықпал етіп, олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Шалқар ауданының әдістемелік құрылымдық бөлімше меңгерушісі Әлия Оспанова заманауи білім беру кеңістігіндегі әдістемелік қолдаудың трансформациясы мен рөлі туралы айтып, әдістемелік жұмыстарды жаңа форматта ұйымдастырудың қажеттілігіне тоқталды. Ол педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында әдістемелік қызметті жаңғырту мен түрлендірудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Шалқар ауданының әдістемелік құрылымдық бөлімше әдіскері Жанар Аманбаева әдістемелік жұмысты жоспарлау мен ұйымдастырудың тиімді жолдарына қатысты тәжірибесін бөлісіп, осы жұмыстарды дұрыс бағытта ұйымдастырудың мектеп ұжымының жетістіктеріне қалай әсер ететінін түсіндірді.

Секцияның қорытынды бөлімінде кері байланыс жасалып, ұсынымдар қабылданды.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT