Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр

МЕНЮ

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Мәртөк ауданы №1 «Тополёк» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі–2022» республикалық байқауының жеңімпазы Козловская Татьяна Александровнаның «Педагогикалық тәжірибе: теория және практика» тақырыбында облыстық шеберхананың қорытынды отырысы өтті.

Шеберхана жетекшісі Т.А.Козловская педагогикалық жұмысында экология бойынша ойын құралдарын пайдалану және бұл ойындардың оқу-тәрбие процесінің сапасына әсер етуіне, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімділігін арттыруға қалай көмектесетіндігіне тоқталды.

Шеберхананың құрамындағы педагогтер шебер-кластар өткізіп, заманауи технологияларды қолдана отырып, балалармен жұмыс істеудің тың әдіс-тәсілдерімен, қызықты ойындарымен бөлісті. Атап айтсақ,  Алға ауданы «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Абибулаена Алмагүл Тәуекелқызы «Метеостанцияға арналған экологиялық ойындар»,  Мәртөк ауданы №1 «Тополёк» балабақшасының тәрбиешісі Ускова Юлия Александровна «Біздің үлескенің ағаштары», Мұғалжар ауданы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Каниева Кәмшат Мақсатқызы «Жасыл карталар», Ақтөбе қаласы №50 «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиешісі Бисенова Күмісай Тұрғанбайқызы «Табиғатты аялайық», Хромтау ауданы №8 «Тұлпар» балабақшасының тәрбиешісі Сарсембаева Светлана Ғалымжанқызы «Біз ойнаймыз және табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыптарында экологиялық білім беру ойындарын көрсетті. Педагогтер кәсіби шеберліктерін, ұжымда бірлесіп әрекет ету және үйлесімді жұмыс істеу дағдыларына тоқталды.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы №14 «Қонжық»  балабақшасының педагогтері Тутаева Әлия Мадыевна «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша логопед жұмысында ойын технологиялары мен пәндік-кеңістіктік ортаны қолдану», Ленская Валентина Владимировна «Экологиялық мазмұнды ойындар», Нурмухамедова Юлия Сергеевна «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи әдістері мен технологиялары»  тақырыптарында жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісті. Ойын ойнап, сұрақтарға жауап бере отырып, ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірімен үйлесімді ынтымақтастық жасау шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті.

Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім әдіскері, п.ғ.м.

© 2025 Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Актюбинский областной методический центр 

© 2025 Шаблон для сайта муниципального образования
Design by Sever-IT