Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары бойынша Ақтөбе қаласы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі «Мектепке дейінгі ұйымның Үздік педагогі–2023» республикалық байқауының жеңімпазы, Узакбаева Сапаргуль Буркитбаевнаның «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық шеберхананың қорытынды отырысы өтті.
Шара барысында шеберхана жетекшісі С.Б.Узакбаева «Шығармашылықтың жолындағы шебер тәрбиешілер» тақырыбында жоба қорғады. Ал шеберхана мүшелері ұйымдастырылған ойын іс-әрекеттінде қолдануға арналған түрлі технологиялармен шебер-класс көрсетіп, шығармашылық жұмыстар орындады. Ырғыз ауданы «Аққайың» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі С.С.Имантаева «Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту», Ақтөбе қаласы № 45 «Алтын бала» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ш.Ж. Ермағамбетова «Ойын арқылы балалардың тілдік дамуы мен коммуникация дағдыларын жетілдіру» және Ақтөбе қаласы № 48 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешілері М.Б.Наурзалина-Булекбаева мен А.Қ.Туркумбаева «Ұлттық қолөнер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар № 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының психологы Г.Қ.Файзолла мен логопеді Е.Қ.Құнантаева мобильді қосымша арқылы интеллектуалдық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.
Отырыс соңында педагогтермен пікір алмасып, кәсіби диалог жүргізілді.
Орындаған: А.Искендирова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім әдіскері, п.ғ.м.