«Ақтөбе облысының шағын жинақты мектептерін дамыту» облыстық Жол картасын орындау мақсатында Шалқар аудандық №3 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Сапалы білім мен креативті мұғалім:тиімді бірлескен жұмыстың нәтижесі мен тәжірибесі» атты облыстық көшпелі семинар өтті.
https://bilimaktobe.kz/ru/n-v-sti/176-sapaly-b-l-m-men-kreativt-m-al-m-ti-md-b-rlesken-zh-mysty-n-tizhes-men-t-zh-ribes#sigFreeIdb38e68df98
Іс-шараның кіріспе бөлімінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін бөлім басшысы С.О.Жубаева, әдістемелік орталығының әдіскері А.М.Кәрімова жоба аясында жүзеге асқан игі істерге тоқталып, семинарға қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.
Семинар барысында тірек мектебі мен магниттік мектеп педагогтары өзара ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті. Сондай-ақ, тәрбие мен оқытудың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін тиімді модель ұсынылды.