Облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сай гуманитарлық пәндер мұғалімдері арасында өткізілген облыстық Ұлы қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығына орай «Абай Құнанбайұлына арналған үздік сабақ жоспары» облыстық байқауы өтті.
Ұлы қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай үздік сабақ жоспарын анықтау және білім беру саласындағы шығармашылықпен, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын педагогтерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала, аудан бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Байқау міндеттері ақын шығармашылығын насихаттайтын мұғалімдерді жаңартушылық ізденіске тарту, өздерінің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін көрсете білу мүмкіндіктерін ұсыну және ақын шығармашылығы бойынша педагогикалық озық тәжірибелерді тарату.
https://drive.google.com/drive/folders/1sB6qlZlPsrfymgl2ldLOTCq0LCbRhoio?usp=sharing